Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Голландия чемпионатының кезекті тур ойындары болып өтті

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 1383

Германияның Нюрнберг қаласында теннистен халықаралық турнир басталды. Дәрежелі жарыста сынға түсіп жатқан Қазақстан спортшысы Юлия Путинцева екінші кезеңге шықты. Бірінші айналымда отандасымыз Германия теннисшісі Андреа Петковичті айналып өтті. Спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов толықтырады. 

«Алкмар» командасы ірі есеппен жеңіске жетті. Голландия чемпионатының 34-ші турында «Эксельсиор» клубын қабылдаған Джон ван ден Бромның шәкірттері үш ұпайды олжалады. Бұл ойындағы алғашқы голды қонақтар сапында Арон Йохансон соқты. Бұл голдан кейін шабыттанған «Алкмар» футболшылары араға 1 минут салып есепті еселеді. Бұл жолы Стивен Бергейс мүлт кетпеді. Бірінші таймда екі голмен шектеліп қалмаған Джон ван ден Бромның тәлімгерлері есепті ұлғайтты. Әріптесінің пасынан кейін Маркус Хенриксон командаластарының қошеметіне бөленді. Қарымта шабуылға шыққан алаң иелері үзілісте есепті қысқартты. Бұл сәтте «Эксельсиор» ойыншысының соққысын қайтармақ болған қорғаушы Джефри Гаулеу допты өз қақпасына соғып алды. Дегенмен, бұл ойындағы соңғы нүктені «Алкмар» футболшылары қойды. Кезекті ұмтылыс кезінде мергендігімен танылған Арон Йохансон дубльдің авторы атанып, есепті қорытындылады. Бұл жетістігінен кейін «Алкмар» командасы турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді.



Ұлттық хоккей лигасында плей-офф ойындары жалғасуда. «Шығыс» конференциясының финалында сынға түсіп жатқан «Тампа Бей» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл сында «Нью Йорк Рейнджерс» клубына қонаққа барған Джон Купердің шәкірттері 6-2 есебімен басым түсті. «Тампа» командасының сапында мергендігімен танылған Тайлер Джонсон хэт-триктің авторы атанды. 


Самат ҚАНАҒАТОВ