Русский Сайттың толық нұсқасы

Маусым айы «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында өтеді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2016
  • 1637

Маусым Қазақстанның мемлекеттік рәміздері айы болып белгіленді. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалағымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жыл сайын төртінші маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Ал Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау қарсаңында бұл мереке биыл бір айға созылатын болды. Отыз күн бойы Республика бойынша рәміздер туралы заңнама жан-жақты түсіндіріліп, оны насихаттау имидждік жұмыстары жүргізілмек.

Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Коституцияның 34 бабы бойынша, мемлекеттік рәміздерді марапаттау, соның құндылықтарын сыйлау - ол әрбір азаматтың конституциялық борышы, міндеті. Жастарға тәлім-тәрбие беру, сол жолда бірталай жұмыс атқару керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ