Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы үш тәулік Қазақстанда жауын шашынды болады

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 741

Мамырдың 19 мен 21-і аралығы Қазақстанның басым бөлігі жаңбырлы болады. Бұл жөнінде «Қазгидрометтің» ресми сайтында хабарланған. Онда «Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы нормадан 2-3 градусқа төмендеп, аздап салқындайды»-делінген. Бұл Астананың оң жағалауындағы кешегі көрініс. Демалыс күндерінен бері нөсер жауын Астана тұрғындарын әбден әбігерге салды. Белуардан су кешкен көліктердің көбісі, мемлекеттік нөмерлерін жоғалтқан. Сондай-ақ, Алматыда 21-22 мамырда шаңды боран қайталануы мүмкін екенін болжанады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА