Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы жең ұшынан жалғасқандарға қарсы күресті жандандыра түсті

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 1127

Еліміздегі бас партия жең ұшынан жалғасқандарға қарсы қызметін жандандыра түсті. «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық қоғамдық кеңес мүшелері өңірлерді аралап, орын алған кемшіліктер мен жеткен жетістіктерді саралады. Жиын барысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жайы да қаралды. Қазіргі уақытта жемқорлық қаупін ескертудегі құқықтық алаңды түбегейлі өзгертуге итермелейтін  заң жобасын дайындау бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

«Нұр Отан» партиясының 16-шы съезінде Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттілікті одан әрі нығайту үшін бес институтционалдық реформаның ерекше маңыздылығын атап өткен. Отырыстағы қызу талқылау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған қаулы қабылданды. Министрліктерге, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және барлық деңгейдегі әкімдіктерге бірқатар нақты ұсыныстар берілді.

Қайырбек Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы СЖҚІҚ бойынша республикалық қоғамдық кеңес төрағасы: 

Республикалық қоғамдық кеңестің жүйелі жұмысқа араласуының арқасында еліміздің барлық мемлекеттік аппаратының жемқорлыққа қарсы қызметі үшін ауқымды материал жинауға мүмкіндік туды және біз оларды қолдануды құп көрдік. «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы мен бағдарламасы 10 жылдық мерзімге көзделген. Біз осы құжаттың аясында істелетін жұмыс барысында жиналған тәжірибеден бөлек, салалық бағдарламаны іске асыру кезінде анықталған кемішіліктерге де сүйенуіміз қажет.

Отырыс барысында 2011 - 2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру қорытындысы жасалды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің мәліметінше, 5 жыл бұрынғыдай мемлекеттiк сатып алулар, жер қатынастары және бiлiм беру саласы бүгiнгi күнi де ең жемқорлыққа батқан салалар болып отыр. Оның соңғы төрт жылында әкiмдiк қызметкерлерi жасаған сыбайластық қылмыстар жалпы жемқорлық қылмыстардың 43 пайызын құрап отыр, - деп мәлімдеді кеңес мүшелері. Осы кемшіліктердің барлығын ескере отырып, жиналғандар жемқорлықты жоюдың жаңаша бағыттарын табу керектігін атап өтті.

Берік ХАСЕНОВ