Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтар Б. Шүкеновты еске алды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 1179

Алматыдағы Республика Сарайындағы «Абай» алаңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. Адами болмысымен, ерекше дауысымен көптің жүрегінен орын алған әнші көзі тірі болса, 18-мамырда 53 жасқа толар еді. Мәдени шара барысында, өмірінің соңғы уақытында Батырхан Шүкенов қатысқан Ресей телеарналарындағы «Один в один» бағдарламасынан үзінділер көрсетілді. Осыдан кейін, әншінің репертуарында болған бірнеше әндер орындалды. Еске салайық, сәуірдің соңында өнер жолын саксафонда бастаған әнші Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамырда Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде Еске алу кешін өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын.

Гүлмира Шүкенова:

Өлеңдері бәріне белгілі. Шетелде де осы Батырхан Шүкеновты біледі.Соңғы кезде особенно қазір адамдардың жиналуына қарағанда, ол кісінің жақсы әнші болғанын білеміз. Ол өзі жоқ болғанымен, оның әндері біздің жүрегімізде ұзаққа қалады және де біз оны ешқашан ұмытпаймыз.