Дубайда полицей-келіншекке
абайсызда қолы тиіп кеткен отандасымыз, енді өз жазасын темір торда өтейтін
болды. 49 жастағы қазақстандық үш айға бас бостандығынан айрылып, 550 доллар
айыппұл төлейді. Eturbonews-тің хабарлауынша, сот шешімі шыққаннан кейін ол өз
еліне депортацияланады. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Дубай соты оны әмірлік
полицейінің ар-намысына нұқсан келтірді және тәртіп сақшыларына қарсылық
көрсетті деп айыптаған еді. Бұл оқиға былтырғы жылдың 4-желтоқсанында болған.
Сол кезде жергілікті ақпарат құралдары Қазақстан азаматы тәртіп сақшысына қол
жүгіртті деген қауесет таратты. Алайда,
қазақстандық тәртіп сақшыларына полицей-келіншектен сауда орталығына қалай
баруға болатынын сұрамақ болғанын айтқан.
Еркін КАРИН