Русский Сайттың толық нұсқасы

Наурыз айында теңге 1,6%-ға нығайған

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2016
  • 1323

Наурыз айында теңге бағамы 1,6%-ға нығайды. Президенттің қабылдауында болған Ұлтық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді. Бас банкир наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақталғанын атап өтті. Оған мұнай бағасы мен рубльдің күшеюі ықпал еткен.

Осы орайда ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты, - деді Ұлттық банк төрағасы. Сондай-ақ, ел тұрғындары мен кәсіпорындар арасында теңгелей депозиттер көбейген. Әсіресе бұл осы айда байқалды, - деді Ақышев. Президент қазіргі уақытта қаражатты ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол әлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операциялары және еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. Халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды.

Мөлдір БАҚЫТЫҚЫЗЫ