Русский Сайттың толық нұсқасы

Депуттаттар жол ережесін бұзу бойынша айыппұлдарды төмендету мәселесін көтерді

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2015
  • 1022

Депутаттар жол ережелерінің айыппұлдарын төмендетуді сұрайды. Мұхтар Тінеккев «Жол жүрісі туралы» заң жобасының таныстырылымында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа айыппұлдарды төмендету үшін Үкіметке қайта бару керектігін айтты. Алайда министр айыппұлдарды төмендетуге құлықсыздық танытты. Оның айтуынша, талаптың күшейтілгені оң нәтиже беріп отыр. Дегенмен, депутаттың пікірінше, теңге құнсызданған қазіргі заманда халыққа айыппұлдарды төлеу оңай емес. Бұған дейін Бас прокуратура өкілдері де қарыздардың қордаланып қалғанын айтып, айыппұлдарды төмендету мәселесін көтерген болатын.

Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Айыппұлдардың салмағын мен өзім де сезіндім. Қазір ақша құны өзгерді. Ал айыппұлдар сол аспандаған күйі қалды. Кейбірі 200 мың теңгеге дейін жетеді. Мынадай инфляция болып жатқан кезде, айыппұлдарды төмендету керек. Адамдардың көбі жұмыссыз қалды. Көбі отбасын жалғыз көлігімен асырап жүр. Қазіргі жалақының деңгейін ескерсек те, мұндай үлкен айыппұлдар орынды емес. Сізге айыппұлдар мәселесіне қайта оралу керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ