Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы жергілікті мәслихаттармен жұмысын және өңірлік саясатты пысықтады

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2015
  • 1353

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнама көрсеткіштерінің басым бөлігін мерзімінен бұрын орындады. Бүгінгі күннің өзінде уәделердің 70%-дан астамы іске асқан. Бұл - Праламент Мәжілісіндегі фракция депуттаттары мен жергілікті мәслихат депутаттарының бірлесе өткізген жұмысының нәтижесі. Тек биыл өңірлерден орталық деңгейде қарауды қажет ететін 200-ден аса ұсыныс келіп түскен. Осыған орай сараптамалық топтар 60 отырыс өткізіп, 800-ден астам нақты ұсыныс берген. Олардың үштен бір бөлігі орындалған.

Мұны Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Өңірлік саясат пен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің және партия Орталық аппаратының бірлескен отырысы барысында белгілі болды. Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясының мәслихаттардағы фракцияларының жетекшілері мен мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша тағы бірқатар ұсынымдар әзірленді. Атап айтсақ, республика бойынша төмен көрсеткіштерге ие қалалық және ауылдық елді мекендерде орталықтанған сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, мектептердегі үш ауысымды оқуды жою және апатты жағдайдағы мектептер санын азайту бойынша шара қолдану.

Гүлнәр Сейтмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Партиядан сайланған депуттарға дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаңғыртуларды заңнамалық тұрғыда қамтамассыз ету жөнінде тапсырма берілді. Бүгінгі таңда "Нұр Отан" партиясы барлық өкілдік органдарында басым көпшілікке ие. Сондықтан партияның Сайлауалды тұғырнамасында межеленген міндеттемелерді орындауда Парламент Мәжілісінен бастап облыстық, қалалық аудандық маслихаттқа дейінгі барлық өкілдік  билік деңгейіндегі депутаттар өзара бірлесе жұмыс жүргізуіміз керек. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА