Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорданың Астанаға көшкеніне 18 жыл

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2015
  • 2303

Бүгін Қазақстан астанасының ауысқанына 18 жыл. 1997 жылы 10 желтоқсан күні елорда ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ал келесі жылы президенттің жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

Осылайша, небары 18 жыл ішінде бас қала инфрақұрылымы жаңа, Қазақстан мен Орта Азиядағы ең биік ғимараттары бар алып шаһарға айналды. ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанның елордасы «Бейбітшіліктің қаласы» атағына ие болды. Қазан айында Астана тұрғындарының ресми саны 867 мың 790 адамды құраған.

Берік ХАСЕНОВ