Келесі
жылдан бастап педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектер шығармашылық емтиханды тапсыруға
міндеттеледі. Бұл жөнінде бүгін Білім және Ғылым министрлігінің алқа
жиналысында ведомствоның жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов мәлімдеді.
Бұл
- болашақ ұстаздың мәртебесін асыру үшін жасалған қадамдардың бірі. Ол үшін
арнайы "Педагогикалық әдеп" қағидаларын да бекіткен. Осылайша
оқушылар мен ата-аналарды мұғалімнің қадір-қасиеті мен намысын құрметтеуге
міндеттемек. Тағы бір жаңалық, бірыңғай оқушы киім үлгісін енді тек министрлік
бекітетін болады.
Әмірхан
Рахымжанов, ҚР Білім және ғылым
министрлігінің жауапты хатшысы:
Оқушыларды
тәртіпке салып, назарын сәнді киімге аудармау үшін, министрлік өз құзіретіне
біріңғай киім үлгісін бекітуді алып отыр. Ата-аналар енгізілетін нормаларды
қатаң түрде сақтануға міндетті болады.
Білім
және Ғылым министрлігі жақын арада тегін техникалық мамандықтардың тізімін
бекітеді. Еске салайық, президент халыққа жолдауында 2017 жылдан бастап
жастарға тегін кәсіби-техникалық білім
берілетінін айтқан болатын.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА