Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясында «Жамбы ату» спортын дамыту жолдары талқыланды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2015
  • 2562

«Жамбы ату» ойынын спорттық қана емес, бұқаралық сипат алатындай дәрежеге жеткізу керек. Бұл туралы «Жамбы ату» спортын дамыту жолдары: ұлттық садақ-жебе жасау және киім үлгісі» атты семинар кеңесте айтылды. Шараға ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, стратегиялық зерттеулер институтының директоры мен ұлттық садақ ату спорт түрін зерттеп жүрген этнограф-ғалымдар мен садақшылар қатысты. Жиын барысында кенжелеп қалған ұлттық спорт түрін жаңғырту мәселелері жан-жақты қаузалды. Онда садақтарды сатылымға шығару жолдары да айтылды. 

Бекболат Тілеухан,  ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

Рухани құндылықтарды дамыту мәселесі «Нұр Отан» партиясы доктринасында қолға алынған болатұғын. Соны дамыту жолында қолға алынған істердің бірі - мына жамбы ату мәселесі. Бұл аты болғанымен, заты өшкен дүние екені өтірік емес. Бұқаралық сипат алған жоқ. Енді осыны ұрпаққа табыстауымыз, осыны әр жерде даму кешендерін құру біздің алдымыздағы үлкен бір міндеттердің бірі болып саналады.

Берік Уәли,  «Нұр Отан» партиясы төрағасы бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi:

Жамбы атуға «Нұр Отан» партиясы қазіргі таңда жан-жақты қолдауын білдіруде. Енді, міне, бүгін, жамбы атудың әртүрлі ережелері, оның киіну, киім үлгілерін талқылап, дөңгелек үстел басында, республикамыздың жер-жерден келген, әртүрлі садақ айналысумен шұғылданып жүрген, ойынды зерттеп жүрген шеберлермен ғалымдар жиналып, дөңгелек үстел басында талқылап жатыр.

Кеңес қорытындысы бойынша келер жылдың 15 қыркүйегінде халықаралық садақшылардың фестиваль турнирі өткізілетін болды. Сайыс Бурабайдағы "Оқжетпес" баурайында ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, садақ жасау шеберханасын ашу шешімі қабылданып, садақшының киім формасы бекітілді. Жамбы ату спортын бұқаралық сипатта дамыту үшін,  насихат-жұмыс тобы құрылып, оның мақсат-міндеттері айқындалды.  

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА