Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы активтері «жыртықты» жамауға...

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2015
  • 1196

Келесі позиция алдыңғы тақырыптан маңыздылығы бір мысқал кем емес, бірыңғай зейнетақы жүйесіне байланысты.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 қаңтардан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» басқару құзіреті Ұлттық қорды басқару кеңесіне беріледі. Үкімет пен Ұлттық банк кеңесіп, зейнетақы қорындағы қаражатты қайда инвестициялауды шешеді. Бірінші кезекте басы бүтін сақталуы, екіншіден, инвестицялық өсім жағы ескеріледі.

Қаңтардан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» басқару құзіреті Ұлттық қорды басқару кеңесіне беріледі. Үкімет пен Ұлттық банк кеңесіп, зейнетақы қорындағы қаражатты қайда инвестициялауды шешеді. Бірінші кезекте басы бүтін сақталуы, екіншіден, инвестицялық өсім жағы ескеріледі.

 Қаңтардан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» басқару құзіреті Ұлттық қорды басқару кеңесіне беріледі. Үкімет пен Ұлттық банк кеңесіп, зейнетақы қорындағы қаражатты қайда инвестициялауды шешеді. Бірінші кезекте басы бүтін сақталуы, екіншіден, инвестицялық өсім жағы ескеріледі.

Өткен аптада зейнетақы жүйесін жақсы білетін маман Айдар Әлібаев, «зейнетақы активтерімен бюджетті толтыру дегенмен келіспеймін, әрқайсымыз беріп отырған 10 пайыздық жарнамен бюджетті қаржыландыру дұрыс емес, бұл сонда қосымша салық болып шығады»- деген еді.

Кәрім Мәсімов, ҚР премьер-министрі:

Біз талқылайтын тағы бір мәселе – бірыңғай зейнатақы жинақтаушы қорының қаржысын пайдалану. Біз оны экономикалық саясат кеңесінде талқылаймыз. «Атамекеннен» де ұсыныс күтеміз. Алайда назар аударғым келетіні, зейнетақы қорының ақшасы сіз бен біздің ақшамыз емес, мемлекеттің ақшасы емес, ол зейнетақы салымшыларының ақшасы. Сондықтан қаржыны сақтауды, көбейтуді ойлауға тиіспіз. Ал екіншіден, ағымдағы проблемаларды шешуге жұмсайтын құрал ретінде қарауымыз керек. Әрине, талқылайтын мәселе.

 «Сыпайы» құрастырылғанымен, сөздің түйіні – зейнетақы активтері ағымдағы проблемаларды шешуге жұмсалмақ. Келісіп-келіспегеніңді ешкім сұрамайтын да сияқты. Оны айтасыз, зейнетақы қорының маңына «қонақтаушылар» көбейген:  

Абылай Мырзахметов,  «Атамекен» ҰП басқарма төрағасы:

Біздің банктер тапшылық көріп отыр. Бұл өте маңызды ситуация. Біз қаржыгерлер қауымдастығымен ақылдаса отырып, бірнеше сауалды буып-түйдік. Мысалы, бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының активтеріне байланысты. Себебі ондағы ақша аз емес, маңызды қайнар көз. Ол бойынша түсініскеніміз абзал.

Жаңа айтқандай, салымшыдан ешкім сұрамайды. Салымшылар қарсы болса да, салымдар екінші деңгейлі банктерге беріледі... Ал мүлік пен капиталды заңдастыру науқанына келсек, «қызық» болып шықты, көлеңкеден шыққандар, заңдастырылған дүние-мүлкін қайтадан сыртқа алып кете алады:

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі: 

Мемлекетке қандай пайда? Экономикаға жұмыс істемейді ғой? Экономикаға жұмыс істейді. Себебі мүлкін заңдастырған тұлға оны айналымға шығара алады, қорықпай. 

Қайтадан шығара ала ма?

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі: 

Қаржысын қайтадан шығара алады, әрине. Біздің мақсат – ол ақшаны көлеңкеден шығару.

 «Айтпаса да түсінікті» дейтін суреттер болушы еді, соны еске түсіреді...