Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шүкір» дей салмайтын кәсіпкерлер

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2015
  • 1118

Осы Түркия шағын және орта бизнес өркендеген мемлекет. Біздегі орта және шағын бизнес қашан өркен жаяр екен? Олар қашан мықты классқа айналады? Оларды қолдауға бағытталған мың сан мәлімдемелер мен жоспарларға, кредиттер мен консультацияларға қарамай, олардың мың сан проблемасы таусылар емес. Ал мемлекетті мызғымастай ететін тағанның бірі солар... Әдетте кәсіпкер туралы материалдар қандай - «шаруасын дөңгелентіп отыр» деп сипатталатын, кейіпкері «шүкір» деуден аспайтын, бояуы қалың очерктер. Сондықтан Ришат Асқарбекұлы шаруасын дөңгелентіп отырған, бірақ «шүкір» дей салмайтын кәсіпкерлермен әңгімелесті.

Дархан Ризабекұлы электр тауарлары мен оған қажетті қалыптан тыс қораптар  жасайтын кәсіпорынның иесі. Асып- тасымаса да, орта деңгейлі кәсіпкер.  Соңғы он жылда шетелдік, оның ішінде Түркия және Еуропа елдерінің тәжірибесіне көп ден қойған.  Қаскелең қаласында 110 адамға жұмыс беретін зауыты бар. Кейіпкеріміз дағдарыстан аса қорықпайды. 

Дархан Ризабекұлы, кәсіпкер:

Мына дағдарыс кезінде көптеген компаниялар, алып-сатарлар, әлсіз компаниялардың шамасы келмейді де, нарықтан кетеді. Әлгі гаражда сборкамен айналысандар да сапасы төмендер де кетіп жатыр. 

Дархан Ризабекұлы көлеңкеде жүрген ірі бизнесмендердің кеңесіне де көп жүгінеді. Осы салада тәжрибесі мол ағаларының айтқандарын айтып, бизнесін жоспарлап отырады.

Дархан Ризабекұлы, кәсіпкер:

Мысалы Марғұлан Сейсенбаев айтады: Біз қазақтар бизнесті вертикальды жолмен құрғымыз келеді, деп. Вертикальды империя яғни, егер бір өнім шығарсаң оның топсасын да, болтында құлпысын да, тұстқасын да, қораптарын да, өшіргішін де, тасымалын да өзің құрып алуға болмайды. Бізде осының бәрін бір адам істегісі келеді де, сосын ақша жеткізе алмай жүреміз дейді. Ал мұндай қосымша нәрселерді басқа біреу істесін.  Сонда сен өз өніміңе мән беріп, оны күшейтіп, басқасына басыңды ауыртпайсың. Керісінше өзгелерге талап қойып өз өніміңе сәйкес қосымша өнімдерді сырттан сатып аласың. Сонда бизнес дамиды.

Ол сондай-ақ, Ресей нарығын тастап шыққан түріктер бәсекені күшейтеді деген пікірде.

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер:

Қазақстан бизнес жасағанға ең қолайлы жер қазір. Әлемнен келіп, кризис болса да украиындықтар, жапондар, түріктер бизнес құрып, 10 мыңдаған адам жұмыс жасап жатыр. Ресейліктер де жетіп атылады.

Ахметбек Нұрсила, алғашқы қазақтілді бизнес-тренерлердің бірі. Ет өңдеу комбинатының иесі. Ата кәсібіміз- қымыз бен шұбат өндірісін де жолға қойған.

Қазақстанның нарығы кішкентай ғой. Етің тірі, керемет дүние шығарсаң, саған жаңа нарық ашылады-, дейді Ахметбек Нұрсила. Екі кейіпкеріміз де  кәсіпте белгілі бір жетістіктерге жеткен жандар. Яғни орта тапқа жатады. Мысалы АҚШ-та, Батыстың дамыған елдерінде орта таптың үлес салмағы 60-70 пайызға тең. Әлеуметтанушылардың дерегінше Қазақстанда бұл көрсеткіш 5-10 пайыздан аспайды. Қалғандары кедейлер немесе «шіріген байлар».

ГРАФИКА:Қазақстанда мұндай әлеуметтік топқа кімдер кіреді. Зерттеулерге сүйенсек, табыс отбасының әрбір мүшесіне бөлінгенде, әрқайсысына кем дегенде айына 500 доллардан жетуі тиіс. Мысалы, үш баласы бар отбасының жиынтық айлық табысы 5000 доллардан кем болмауы тиіс.

Неліктен орта тап соншалықты әлсіз және оны нығайту үшін не қажет?! Батыс елдерінде дәл осы орта тап- қоғамның негізгі діңгегі. Бизнес менеджерлерін айтпағанда,  мұғалім, дәрігер мен полиция офицерлеріне дейін табысына қарай орта тапқа жатқызылады.

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер:

Жалпы әлемдегі түсінік бойынша орта тап деген оның басында баспанасы, астында көлігі мен ай сайын 2 мың доллар қазіргі курспен 600 мың теңге табысы болуы керек. Не ішем, не кием демеу керек. Жылына отбасымен бір рет шетлге шығып демалып кетелін жағдайы боуы керек, үйде екі адам жұмыс істеп 1 млн теңге кіріс кіріп отырса, оны орта тап деп есептеуге болады. Ондай тап бізде өкінішке қарай қалыптасқан жоқ. Орта тап қалыптасса,  сол мемлекет аяғына тік тұрған мықты мемлекет  деп аталады.

Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған Өмірәлі Әділбекұлы аспан асты елінен тамақ өнімдерін әкеліп сатады. Жыл сайын қазынаға баж салығы мен табыс салығын қосқанда 50 млн. теңге түсім әкеледі. Бірақ еліміздегі бизнеске жасалып жатқан жағдайға көңілі толмайды. Кәсіпкер салықтық ауыртпашылықтар кесірінен өнім өндіру жоспарын жүзеге асыра алмай отыр.

Өмірәлі Әділбекұлы, кәсіпкер:

Қытайда бірінше жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі. Сосын ғана қағаздарды рәсімдейміз. Мысалы бизнесті бастайсың, сосын бір ай өткен соң тексерушілер келеді. Ал Қазақстанда керісінше. Мұнда салық өте көп. Сонымен-ақ тұншырықтып тастайды.

Қазіргі адамдарды толғандыратын, ішкі дүниесінде қарама-қайшылық тудыратын нәрселер бар. Соның бірі- қайтсем бай боламын деген ой.  Бірақ кәсіп ашып, содан өз ырысыңды табу жолындағы  тәуекелдер тым көп, кейбір қазақтың жолын байлап отыр. Мемлекет қазба байлықтардың бағасы аспандап тұрған шақта, елде орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға құлық таныта қоймады. Ал ел қазынасының бүйірі ішіне кірген қазіргі сәт болса, мынау. Бірақ бізге ешкім ешнәрсе жасап бермейді.