Русский Сайттың толық нұсқасы

Алаш әскері

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2015
  • 2085

Осы аптада Алаш тарихына байланысты жаңа деректер жарияланды. Орыс патшасының өкіметі құлағаннан кейін болған азаматтық соғыс аясында Алаш әскері құрылып, Ақ армияның қатарында большевиктермен күрескені мәлім. Сол әскерге қатысты деректерді қазір тарихымыздың ақтаңдақтарын зерттеуге бет бұрған, кезінде жоғары лауазымды қызметтер атқарса да, шірейген шенеунік «шекпенін» кимеген Берік Әбдіғали Мәскеу мен Омбыдан тауып әкелді.

Берік Әбдіғали, зерттеуші:

Колчак прмиясының қатарындағы 5 Алаш колкі болғанын дәлелдейтін документтер, сосын 3 полктің құжаттары табылды. Приказдар, азаматтардың тізімі, командирлердің тізімі, бұл тақырып айтылмай келе жатқан – сондықтан ұрпақтары табар, аталарының деп. Олар да батырлар, өйткені қазақты қорғаймыз деп большевиктерге ақтармен бірге күрескен. Тек Шығыс Қазақстанда, Жетісу өңірінде 5 полк болған. Қостанай, Торғайда 2 полк болған. Батыс Қазақстанда 3 полк болған.

600 адамның тізімі табылған. Деректерге қарағанда Ақ гвардияның құрамында 2000, 2500-ге жуық қазақ әскері болған. Командирлер негізінен орыстар, казактар әрине. Ал табылған құжаттар қазақ офицерлерінің есімдерін жарқ еткізді: 

Берік Әбдіғали, зерттеуші:

Бірақ қазақтардың офицерлері де табылып жатыр. Бикенов Молданияз, штаб бастығы болған, Самұратбеков Қали деген, полк командирі. Біз тек ғана Тоқтамышевті білеміз. Ал оның ағасы Сұлтанмұрат деген – жаңа деректер шығып жатыр.

«Нұр Отан» партиясының жанындағы «Аманат» интеллектуалдық клубы осы кездесуге Семей өңіріндегі Мақаншыдан Рамазан Нүсіпов есімді азаматты алдырыпты. Ол кісі мектеп мұғалімі, Алаш әскерінің тарихын өз бетінше зерттеген. Ал неге зерттеп бастаған дейсіз бе? Атасының ағасы Байжолла Кепішев Алаш әскерінің қатарында большевиктермен 2 жыл соғысқан. Халықтан шыққан тарихшының айтуынша, Байжолла көкесі 1977 жылы қайтыс болған. -Өз сияқты бірнеше азамат болды, дымдары ішінде етін- дейді, Рамазан аға. Бірақ сенетін адамдарына бастан кешкендерін жіпке тізгендей етіп баяндаған. 

Рамазан Нүсіпов, ШҚО, мақаншы ауданының мұғалімі:

Халықтың пиғылына қарап отырса, балалар ерікті барған. Өкіметтен қорқып барған жоқ, әке-шешелері де берген. Оларды жаназасын шығарып бергендей берген.  Ішіп – жеміне олар өгіз де берген.  Баламнан артық емес деп, қора-қора өгіз айдап апарған.

Берік Әбдіғали, зерттеуші:

Алашорда жинаған халықты. Комиссар ретінде Алашорда жүрді. Халықты да жинаған солар.

Берік Әбдіғали алып келген тағы бір дерек, бейнежазба. 1919 жылы француздар түсірген.

Берік Әбдіғали, зерттеуші:

Дутовтың жеке конвойы болған, оққағар дейді. Соны қазақ деген мәліметтер кездесетін. Осы тарихты зерттеу барысында Омбыда азаматтық соғысты зерттеу орталығында француздар түсірген видео 1919 жылғы, алдық. Дутов пен Колчактің жанында оққағар болып жүрген қазақтардың видеосы.

Ал мына бейнеде 1919 жылғы Семей көрінісі: Бейнежазба

Большевизмді жан-тәнімен қабылдамаған қазақ баласы Алаш ұранымен соғысты. Бұл жерде тоқталатыны - қару-жарағы болмағасын, ақтармен ымыраласуға мәжбүр болды. Ақтармен оларды болшевизмге қарсы  идея біріктірді. Бұл одақтастық жүрегі дархан қазақты қалай өлеңдеткізбесін:

Рамазан Нүсіпов, ШҚО, мақаншы ауданының мұғалімі:

Алаш, Әлихан, Анненков деп өлең де айтқан.

Қазақтың «тар жол, тайғақ кешулері». Тарихын дұрыс білмейтіндер ғана, жолын бағдарлай алмайды. Қандай ситуациялар, қандай процестерден өткенін және қалай өткенін білмейтіндер жанындағыларға жабысып, «көршісіне табынып» өмір сүретін «шырмауық». Ал шырмауық бәрібір жұлынып тасталатын керегі жоқ  «өсімдік». «Шырмауықтардың» соны түсінбейтіні жаман ғана емес, кесел, қауіпті...