Тәуелсіздік
күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір топ қазақстандықтарға
мемлекеттік наградаларды табыстады.
Ақордадағы
салтанатты жиынға келушілер қатары биыл
мемлекеттік қызметкерлер, өнеркәсіп, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет
саласының үздіктерімен ғана шектелмеді. Алғаш рет қарапайым еңбек адамдары да
президент қолынан жоғары марапат алды. "Еңбек даңқы" орденінің
алғашқы 52 иегері белгілі болды. Үш азамат «Қазақстанның Еңбек ері» орденін
иеленді. Ел дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев» орденін Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин
және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев алды. Асқақ әндерімен
қазақстандықтардың рухын көтерген белгілі композитор Ескендір Хасанғалиевке Елбасы «Отан» орденін тапсырды. Ғылым-білім, мәдениет, өндіріс салаларының
үздіктеріне «Парасат», «Құрмет» жоғары марапаттары тапсырылды. Түрлі дәрежелі
«Данқ» ордендері де өз иелерін тапты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Биыл
алғаш рет «Еңбек даңқы» деген орденді тағайындап, тек қана еңбек адамдарына
тапсыратын осы орденді бүгін тұңғыш рет тапсырайын деп отырмыз. Сіздер осындай
айтулы күннің қарсаңында жоғары марапат мәртебесіне ие болайын деп отырсыздар.
Бүгін Ақорданың төріне жиналған баршаңыз үшін бұл ерекше мерейлі сәт деп айтуға
болады. Қуаныштарыңыз құтты болсын!
Сондай-
ақ мәдениет пен әлеуметтік салада еңбек ететін 50 үздік азамат
"Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды. Өз саласының
майталмандары Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың қолынан марапат алды.
Ел дамуы жолында ерен еңбек сіңіріп, өлшеусіз үлес қосқаны үшін, «Астана»
телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбайға «Қазақстанның Еңбек сіңірген
қайраткері» атағы табысталды. Ақордадағы салтанатты шараға қатысып, жоғары
награда алғандардың қатарында өмірінің 50 жылын бала тәрбиесіне арнаған
ұлағатты ұстаз, ардақты ана Мәрзия Тұрлыханова да бар.
Мәрзия
Тұрлыханова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Еңбегімнің
осылай ақталып жатқанына мен ризамын. Мен де бір бақытты ананың бірімін.
Қуанышымда шек жоқ. Елбасымызға көп-көп алғысымды айтамын. Рахметімді
білдіремін. Алған награда мен үшін әрі қарай да жігер беріп тұр. Қалған
өмірімде де осы білім саласына, жастарды тәрбиелеп
оқытуда, білім беруде әрі қарай да күш-жігерімді саламын деп айтуыма болады.
Дәл
осындай мемлекеттік наградаларды бүгін түрлі министрліктер мен жергілікті
әкімдіктер де өз саласының үздіктеріне табыс етуде.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ