Тәуелсіздікке 24 жыл. Әркім өзінің өмірімен өлшейді. Қадір-қасиетіңді таптатпау, «екінші деңгейдегі» адам сияқты қор сезімді сезінбеу, шектеусіз білім алу, жоспарларыңды жүзеге асыруға мүмкіндіктер, еркін жүріп-тұру, еркін ойлау, еркін пікір білдіру. Иә, бұған қарама-қайшы келетін пікір де бар. Бірақ ойлы адамға «қызық жоқ» және дүниедегі құбылыстар мен процестердің барлығы салыстырмалы. Сондай-ақ, маңызды элемент - қалыптасып жатқан азаматтық қоғам институтының енді күйремейтіні. Ал ең маңыздысы біздің Отанымыз. Мемлекеттілік. Оны мәңгі ету.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Отанды сүю – ерекше бақыт. Ал оның аптабына күйіп, аязына тоңу – әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында озашапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатыпарманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздыңа сыларманы.Шексізарман жолындаОтан үшін орасан қиындықтардан өтуге болады. Біз өзегемендігімізді бабалардың өнегесі мен халқымыздың парасаттылығыныңар қасында алдық. Тәуелсіздік – күшті рух және мықты мінезбен ғана ұстап тұруға болатын тарих толқыны.
Президент бейбітшілікті бағалауға үндейді. Рас, бейбітшілік қастерлейтін қалып.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Бүкіл әлем архитектурасында орасан өзгерістер жүріп жатыр. Әлемдік дамудың көптеген түйткілдері табылды. Бүгінде 1,2 миллиард адам планетаның қақтығыстар мен тұрақсыздық жайлаған ареалында тіршілік етіп жатыр. Күн сайын 42 мың адам үйін тастап, қауіпсіз жер іздестіруде. 13 мыңнан астам террорлық акт 33 мың адамның өмірін қиды. Біз өзіміздің тұрақты әрі қарышты дамыған елімізді мүлде басқа жағдайда – бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында өркендетіп жатқанымызды есте ұстауға және бағалауға тиіспіз.
Ал басталған дағдарыс жеңу, өзгеру ілімін үйретеді, бірақ «тұрақтылық» позициясынан айнымағанда- дейді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
XXI ғасырдағы болашақ – кез келген тұсынан жол
салуға болатын ашық алаңқай емес. Бізді алда бұрынғымыз бен қазіргімізден де
күрделі бағыттар күтіп тұр. Тарих ешқашан тек жеңістер жылнамасынан тұрмайды.
Егер әрдайым бәрі жақсы болған болса, тарихтың өзі де болмаған болар еді.
Дағдарыстар жеңу ілімін үйретеді. Сондықтан қазір тұрақтылықтың құны арта
түсуде. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам – біз әрқашан ұстанып
келе жатқан бағдар осы.