Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзге пікір»

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2015
  • 1449

Қазір Марат Ерназарұлы бастап жүргізетін «Өзге пікір» айдары.

Ассалаумағалейкум!  Амал тапқыштар көп бізде. Техника атқаруы тиіс жұмысты өздері-ақ тындыра салады. Алматылық коммуналдық қызметшілер көктайғақтан құтылудың «инновациялық» жолын ойлап тапты! Өзіңіз қараңыз.

Осылайша коммуналдық қызметкерлер тұз аралыс құмды ма, әлде басқа қоспа ма, ол маңызды емес, маңыздысы қолмен шашқан. Өткен ғасырларда қолмен тұқым шашқан шаруаларды салған суретшілердің туындыларын  еске түсіреді... 21 ғасырда өмір сүріп жатқандарын ұмытып кетсе керек. Бұл көріністі жолшыбай кетіп бара жатқан жүргізуші түсіріп, ғаламторға жариялап жіберген. Сол-ақ екен, Алматы әкімдігі айыппұлды сарт еткізді. Енді коммуналдық қызметкерлер, нақтыласақ, өндірістік учаскенің шебері  40 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі керек. Коммуналшылардың фантастикалық жұмысына жұрт не деген екен.

Пікірлер:

Limonad:

Енді көмірді ломмен лақтырып, бидайды айырмен артамыз. Біздің адамдар кез келген жерден амалдай алады. )))

Астана:

Ол байғұстардың жалақысы онсыз да аз, айыппұл салса несі қалады? Бұлай жалғаса берсе, коммуналдық қызметке жұмысқа ешкім бармайды ғой.

Әнуар:

Несі өзгеше? Бізде, Теміртауда, құмды жолға тек осылай себеді.

Нұрлан:

Туристер көрсе, ұят болар еді...

Фаталист:

Алматыда тұрғаныма 30 жыл болды. Көктайғақпен бізде үнемі осылай күреседі ғой. Шенеуніктер жаңа ғана көрген бе? Ал мен құм себудің басқа әдістері барын жаңа ғана білдім. Ол қандай әдіс екен?

Uvu:

Жұмысшылардың жазығы жоқ. Басшылығы ғой тапсырмамен жіберіп отырған.

Студия: Жалпы басшылардың жағдайы, жоғары жақтағыларды айтамын, қиын болайын деп тұр. Жемқорлықпен күреске байланысты заңның жаңа нормаларына сәйкес, 12 күннен кейін мемлекеттік қызметкерлер 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын сыйлық ғана ала алады. Қазіргі бір айлық есептік көрсеткіш 1982 теңге, ендеше бір сыйлық құны көп дегенде 19 мың 800 теңгені құрауы керек. Алайда ұлттық мерекелерге орай, сондай-ақ, мемлекеттік деңгейдегі мерейтойға немесе жергілікті атқарушы органның не кәсіпорынның мерейтойына байланысты басшыға  сыйлық жасауға болады. Сонымен, құны 19 800 теңгеден асқан және жаңа санамалаған талаптардан өзге жағдайларда берілген сыйлықтарды шенеуніктер 7 күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға тапсырулары керек. Ол сыйлықтар сатылатынға ұқсайды, себебі ақшасы бюджетке аударылады - делінген, жаңа нормада. Енді алып үйренген қолдар, беріп тұрған сыйлықты кері қайтара ала ма екен?! Мәселе сонда. Оны да уақыт немесе жасырын камералар көрсетер. Көрсете алса егер де.

Valery:

Күніне мұндай сыйлықтардың қаншасын алуға болады екен?

Аноним:

Парақорларға бұдан артық ештеңенің керегі жоқ. Гаишниктер мен университет ұстаздары  шағын параны күніне бірнеше рет алса, жетіп жатыр.

Алия:

Параның не қатысы бар? Сыйлық жасап, жасамауды әркім өзі шешеді.

Аноним:

Шенеуніктер бұл заңды өздері үшін дайындады. Енді 19800 теңге парасыз еш жер жұмысқа қабылдамайды. Бір кіру билеті. Онда бар жерде төлейтін мемлекеттік баж салығын алып тастау керек.

 Аноним:

 Көре алмайсыңдар а? Сендер нашар тұрсаңдар, не барға шүкір етпесеңдер шенеуніктер кінәлі ме?

 Ан. чел:

Сыйлық шапаны қалпағымен  $ 1000 –дан  $ 5000-ға дейін тұрады. Оған қосымша бал, пантокрин тағы басқа «ұсақ-түйек»... Кім бас тарады?

Бүгінге осы, сау болыңыздар!