Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен ЕО кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойды

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2015
  • 1828

"Еуроодақ Орталық Азия елдеріне инвестиция салуға мүдделі". Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини осылай деп мәлімдеді. 

Айта өтейік, бүгін Астанада «Еуропалық Одақ - Орталық Азия» форматындағы кездесу өтті. Оған Еуропа тарапынан Федерика Могерини қатысса, Орталық Азия елдерінен Қазақстаннан өзге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстанның сыртқы істер министрлері арнайы келді. Жиын барысында тараптар тереңдетілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді мақұлдады.

Еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, бірлескен коммюникеде 29 сала қамтылған. Олардың қатарында халықаралық қауіпсіздік, сауда-экономикалық қарым-қатынас және құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық бар. Еске салайық, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа келісім бойынша келіссөздер 3 жыл бойы жүргізілген.

Федерика Могерини, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі:

Еуроодақтың  жаңа стратегиясы саяси мәні бар құжат. Оны одаққа мүше барлық елдер мен институттар мақұлдаған. Біз Орталық Азия елдерімен стратегиялық серіктестікке инвестиция салуды көздейміз. Бұл Еуропалық Одақ үшін өте маңызды.

 Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА