Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау теңіз порты тасымал кестесін өзгертуге мәжбүр

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2015
  • 1264

Ақтаудағы теңіз сауда портында 65 жүк көлігі тұр. Бакуге бағыт алған бұл көліктер паромды күтуге мәжбүр. Ауыр жүк көліктердің басым бөлігі түріктердікі. Олар негізінен жүксіз. Түрік-Ресей қарым-қатынасының нашарлауынан зардап шеккен жүк тасымалдаушылар, шиеленіс аймағын айналып өтіп, Қазақстанға келер баламалы жол ретінде Каспий теңізін таңдапты.

Ақтау теңіз порты капитанының айтуынша, теңіздегі жүк тасымалы артуына орай, қазір портта жаңа қозғалыс кестесі енгізілді. Бұрын паром аптасына екі рет қана қатынаса, қазір теңіздің арғы бетіне тәулігіне 4-5 рет өтеді. Қазір бір паромға ауыр көліктер тиеліп жатыр, тағы екі паром өз кезегін күтіп тұр, - деді теңіз капитаны Сергей Клиновский.

Сергей Клиновский, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының капитаны:

Айлақта ешқандай кедергі жоқ. Бәрі де ауа райына байланысты. Паромдардың кешігуі немесе тұрып қалуын жүк көліктерінің паромға уақытылы тиелмегендігімен байланыстыруға болады. Өйткені, толқын күшейгенде, көліктерді тиеу қиындай түседі. 

Еркін КАРИН