Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң жобасы талқыланды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2015
  • 1748

"Жұмыс берушілер Ғылыми зерттеу авторларына сыйақы төлеуге міндеттеледі". Мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев осыны мәлімдеді. Бүгін халық қалаулысы "Нұр Отан" партиясының баспасөз орталығында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң жобасын таныстырды.

Айтуынша, бүгінде ғылыми жобалар мен зерттеулердің барлығы лабораториядан аса алмайды. Тек бірен-сараны ғана өндіріске қосылып жатыр. Бұл теріс тенденция, ғылымды қаржыландыру деңгейі жыл сайын артып келе жатқанына қарамастан, байқалып отыр. Коммерцияландыру туралы жаңа Заң осы олқылықтарды реттейтін болады - дейді депутат. Құжаттың басты мақсаты  - ғылыми жобаны дайын өнімге айналдыру. Осы орайда ғылыми зерттеу авторларын қаржылық қызықтыру механизмдері енгізілген. 

Уәлихан Бишімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Ғалым, автор өзінің патентін шығарса, жұмыс беруші - университет, Ғылыми зерттеу институты, стартап компания - олар орта мөлшердегі жалақыны төлеу керек. Ол - сыйақы. Ал екіншіден, егер жұмыс беруші өзінің өндірісін жасаса, 100 орта есептің мөлшерімен сыйақыны төлеу керек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА