«Экономикалық интеграцияны көздейтін одақ». Осы мақсатта құрылып,әу баста үш мемлекеттің, бертін келе бес елдің басын біріктірген Еуразия экономикалық одағы бүгінде толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты. Бұл-осы құрылымға мүше елдердің басшыларының пікірі. Еуразия экономикалық одағына мүше бес елдің президенттері осы аптада Астанада кездесті. Бұл- Одақ елдері жетекшілерінің биылғы жылдағы алғашқы бас қосуы. Елорда төріндегі жиында тауар, қызмет, капитал, жұмыс күшінің алмасуы сынды қат-қабат тақырыптар қамтылды.
Атының өзі айтып тұрғандай осы бес елдің ұлттық экономикаларын тұрақты дамытуды мақсат ететін одақ келісіміне Астанада тұп-тура екі жыл бұрын қол қойылған-ды.Осы уақыт аралығында не өзгерді нендей жетістіктер бар, кемшін түскен тұстар қайсы? Одақтың жоғарғы кеңесі осыларды түгендеді. Тарих үшін теңіздің тамшысындай ғана екі жылда ұйым ауыз толтырып айтарлықтай биіктерді бағындырмаса да, көз жүгіртіп, көңіл тоярдай өзгерістер бар. Мәселен «үшеуден» басталған одақтың өрісі кеңіп, қатарға қырғыз ағайын мен Армения қосылды. Въетнам мен Сербия сынды мемлекеттермен еркін сауда режимі енгізілді. Енді Еуразиялық одақ ЕуроОдақ сынды «кәрі» ойыншы мен Қытай нарығының есігін еркін ашып кіруді жоспарлап отыр. Нақты жоспар мен тәуекелдер бойынша бес президент Ақордада ұзақ кеңес құрды. Журналистердің қатысуынсыз біршама сөйлесті, одан кейін келіссөздердің қортындысын жариялады. Мақсат айқын, тіпті батыл. Бестік Трансеуразиялық интеграцияға бет алмақ. Бірақ алдымен үй ішіндегі кедергілерді түгел шешіп, үлкен жорыққа тас-түйін дайындықпен шықпақ керек. Ақордада өткен алқалы жиынды Азамат Алдоңғаров тарқатады.
Әлемдік экономикадағы өзгерістер күллі өркениетке өз әсерін тигізіп жатыр. Мұның салқыны ең алдымен негізгі табысы шикізат көзіне байланған пост-кеңестік мемлекеттерге тиіп жатыр. Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында әңгімені осыдан бастаған Нұрсұлтан Назарбаев өткен екі жыл уақыт одақ үшін үлкен сын болғанына тоқталды. Алайда одан ұйым жасымай, керісінше ширай түсуі тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Происходящие в мировой экономике негативные события являются испытанием для всех нас и требуют более слаженной работы в ЕАЭС. Нашей комиссии и всем нам надо искать возможности, как в этих трудных условиях, когда мы испытываем резкий спад взаимной торговли, как находить другие пути нашего сотрудничества. Сотрудничество в рамках объединения позволяет нам консолидировать ресурсы, создавать благоприятные условия для совместного экономического роста.
Өзара күш біріктірдік,енді экономикалық өсімге ұмтылудамыз, құптарлық,тек, бұдан маңызы кем түспейтін тағы бір мәселе бар. Ол- жас одақтың ішіндегі проблемаларды айқындап, оны шешу жолдарын ойластыру. Тік мінезді Беларусь басшысы Александр Лукашенко, екі жылда шешіле қоймаған мәселелер бар деді,олардың бірсыпырасын ашық айтты.
Александр Лукашенко, Беларусь Президенті:
Нам надо самим быть сильными, надо укреплять свой союз. Тогда нам легче будет вести диалог и с Европейским союзом и Китаем. Тогда мы будем сильными и будем выступать с единых позиции. Пока этого нет. К сожалению, не все развивается так, как мы планировали. Проблемы еще остаются. Во первых, следует избавиться от внутренних изъятий и ограничений взаимной торговли. Равные условия для государств-участников ЕАЭС и безбарьерная среда до сих пор не созданы. Более того, после подписания договора наш внутренний торговый оборот падает. В 2012-2013 годах он был на увроне 65 млрд долларов. В 2015 году - всего 45 млрд долларов.
Бір экономикалық аймақта бола тұра, одақтас елдердің басы артық тексерістерден әлі де арыла алмай отырғанына Қырғызстан президенті де қапалы. Бірақ «ішкі кедергілер біртіндеп шешіліп жатыр, уақыт керек» деген әріптестерінің сөзімен Владимир Путин келіспеді. Қалай болғанда да бұл ескертулер кеңестің назарына алынады. Ал болашақта одақтастардың шекарасында сауда керуендері кідірмес үшін бестік ортақ санитарлық-эпидимиологиялық бақылау органын құру туралы шешімге келді. Оның жұмысын бір жүйеге келтіру кеңестің мойнында. Тағы бір жаңалық, жыл ішінде еркін экономикалық аймақта ортақ медициналық нарық құрылатын болды. Көшбасшылар осыған бәтуаласты. Яғни дәрі-дәрмек, медициналық аппараттардың саудасы бір қазанда қайнайды. 2019-да ортақ энергетика нарығы іске қосылады. Бес мемлекеттің жарығы мен жылуы бір орталықтан беріледі. Экономикалық бестік елдері сыртқы саудаға еркін араласуы үшін серіктестер барлық салалар бойынша тең түсуі шарт. Сондықтан 2025 жылға дейін бестіктің мұнай-газ саласы да бірігеді.
Владимир Путин, Ресей Президенті:
Бүгін біз 2025 жылға қарай ортақ көмірсутек нарығын құрудың тағы бір қадамын жасаймыз. Одақ аумағында газ секторында 1 млрд, ал мұнай саласында жылына 8 млрд доллар табыс беретін, бірдей бәсекелік жағдай жасайтын құжат қабылдаймыз.
Бұл бірігу бестікке мұнай мен газды өзара әлемдік нарықта орнаған бағамен шексіз көлемде және ешбір экспорттық салықсыз алуға мүмкіндік бермек. Ортақ нарық одақтастардың мұнай-газ құбырларының да ортақ қолданысына жол ашуы тиіс. Олай болған күнде Қазақстанның Ресей құбырларына ақыры қолы жетеді. Ең бастысы қиырға сататын қара алтын одақтастардан артылса болғаны. Владимир Путин әріптестерін Ресейдің импорт алмасу бағдарламасына қосылуға шақырады. Әзірге бұл тек ұсыныс күйінде. Тағы сол Лукашенко сөзінде, одақтың бір мүшесінің санкциялық теке-тіресінен өзге мүшелер қиындық көрмеуі керек дегенді айтты. Ол одақтың бұндай жағдайларда бейтарап жұмыс істегенін қалайды. Ал Армения президенті Таулы Қарабақ аймағында оқ атылып жатқанда одақтастардың бейқам жатуын түсінбейді. Дәлірегі Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шиеленісті шешуге мүдделі болуы тиіс дейді.
Серж Саргсян, Армения Президенті:
¤
Мемлекеттеріміздің экономикалық дамуының іргетасы - қауіпсіздік. Мен Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушы мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына да мүше екендігіне назар аударғым келеді. Ал оның басты міндеті ортақ аумақтың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Енді бестіктің бағындыруы тиіс белестеріне тоқталсақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сегодня мы обсуждали в узком кругу вопросы и прорабатываем сотрудничество с КНР, Индией, Израилем, Египтом, Ираном, Камбоджей и многими другими странами. Отдельно рассматривается возможность налаживания торгово-экономических связей ЕАЭС с такими интеграционными объединениями, как ЕС, ШОС, АСЕАН и другие. При этом объединенный рынок Евразийского экономического союза должен стать связующим звеном между Востоком и Западом, Севером и Югом.
Экономист Мерует Махмұтова Еуразиялық экономикалық одақтың Еуропалық одақпен жақындасуы, Қазақстанның еуропа өркениетіне бір табан жақындауына жол ашады деген ойда.
Меруерт Махмұтова, экономист:
Бұл ақпараттардың ашықтығына да, заңның мықты сақталатынына да көңіл аударады. Сондықтан басқа серіктестіктерге қарағанда, менің ойымша еуропалық одақ пен Қазақстанның қарым-қатынасы маңызды. Біздің мемлекет демократиялық, ашық мемлекеттердің бірі болып дамысын десек.
Ал Қытай нарығына Еуразиялық одақ «Жібек жолы» экономикалық белдеуі арқылы ене алады. Бұл жерде Қазақстанның екі ортадағы байланыстырушы рөлі айқын. Алып нарыққа апаратын алыс теңіз жолдарының баламасы – тас жолдар болса, олардың құрылысын біздің ел әлдеқашан бастаған. Экономист алып нарықтың алып еңбек миграциясы сияқты қауіптерін қаперде ұстау керек дейді.
Қысқасы, көшбасшылар бас қосқан жиында Одақтың өзекті проблемалары ашық айтылды, кей тұстарында әріптестер өзара келіспесе де, мүмкіндіктері мен міндеттерін нақтылауда ортақ пікір, мүдде бар. Әрбір тұщымды ой, орынды ұсыныс кеңестің хаттамасына енгізілді. Президенттердің жоғарғы кеңес шеңберіндегі келесі кездесуі желтоқсанда Мәскеуде өтеді.