Ұлттық банк Қазақстанның экономикалық дамуының
сценарийлік нұсқаларын жариялады. Бас қаржы реттеуші сайтындағы хабарламаға
сүйенсек, бұл қадам алдымен ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын дайындау
шеңберінде жасалған. Жалпы, экономикалық дамудың сценарийлік нұсқасы үшеу. « ..Brent мұнайының құны баррельі үшін 35, 30 және 20 АҚШ доллары
болатын деңгейді көздейді. Базалық сценарий ретінде бір баррель мұнай үшін 30
АҚШ доллары сценарийі қабылданды»
делінген хабарламада. Ал, екі күн
бұрын Австрия астанасы Венада өткен ОПЕК-ке мүше елдердің кездесуі тағы да нәтиже бермеді. Рейтерстің
хабарлауынша, «Қара алтын» нарығындағы алпауыттар шикізат өндірісінің көлемін
қысқарту жөнінде ортақ шешімге келе алмай тарқасқан. «Нарық қажетті
балансты өздігінен қалыптастыруды
көздеп, сырттан келген әлдекімдердің араласқанын қажет етпейтін» көрінеді. Бұл
Картель елдері өкілдерінің пікірі. Мақсат – ОПЕК-тің күн санап құлдырап бара
жатқан беделін қалпына келтіру, шикізат пен оның мөлшеріне қатысты дауды
тоқтату,ең бастысы мұнайдың бағасын тұрақтандыру. Дұрыс ақ. Бірақ, «ОПЕК өзінің
рөлін жеткілікті деңгейде атқаруға, нарықтағы балансты ұстап тұруға қауқарсыз»,
деген сарапшылар пікірінің жаны бар екені осы жолы да байқалды. Ұйымның екі лагерге бөлініп кеткені бесенеден белгілі,
біріншісі нарықтағы үлес үшін күресетін топ,екіншісі қара алтын пайдасын
неғұрлым мол қарпып қалуға үмтылатын топ. Вена кездесуінен кейін іле-шала Brent
бағасы аздап көтерілді - бір баррелінің
құны 50,04 долларға жетті.