Егер мұнай баррелі 30 АҚШ валютасына дейін түссе, ал ресей рублі долларға шаққанда қазіргі өлшемінен10 пайыздан астам мөлшерде құнсызданса, теңге тағы әлсірейді. Ұлттық Банк төрағасы өзінің алғашқы баспасөз мәслихатын өткізген, сонда айтқаны.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:
Ұлттық банк қаржылық және валюталық нарықтағы жағдайды жіті талдап, нақты
айырбас бағамын анықтайтын есептерді жүргізді. Орта мерзімдегі өтімділік
бойынша жағдайды таразыладық. Егер мұнай баррелі 30 долларға түссе, ал ресей
рублі АҚШ долларына шаққанда 10 пайызға құнсызданса, онда теңгенің бағамы да
жаңа межеге секіреді.
Ал
осы аптада Brent маркалі мұнайдың баррелі 36 доллардан да түсіп кетті. РБК арнасының хабарлауынша, 35,98 долларға
төмендеді. 36 доллардан да арзандау соңғы рет 2004 жылы болған. Brent маркасының бағасы шарықтау шегі 2008
жылы тіркелген етін - баррелі 145,61
долларға сатылып. Ал ең арзан сатылған уақыты 1970 жыл – баррелі 2,23 доллар
болған...
Өткен аптада айырбастау пунктерінде теңгенің америка ақшасына шаққандағы бағамы 350 –ге дейін көтеріліп, жұрт тіпті «ах» ұрудан қалған. Бас банкирдің баспасөз мәслихатынан кейін 1 доллар 325-ке, сосын 328-ге дейін түсті. Ал «Форбс.кз» теңгенің тағы қай деңгейге дейін құлдырауы мүмкін екенін даниялық инвестициялық онлайн-банк - «Saxo Bank»-ң валюталар бойынша бас стратегі Джон Хардиден сұрапты. Ол Bloomberg сияқты беделді ақпарат көздеріне комментатор ретінде тартылады.
Жауап:
- Теңге дәп мұнай сияқты жылдамдықпен төмен қарай құлдырауын жалғастыруы мүмкін. Егер мұнай тағы 25 пайызға түссе, теңге де сол шамада құнсызданады.
Сұрақ: Қазақстанның валютасы үшін түнектен шығуға нұсқайтын сәуле бар ма? Девальвацияны тоқтататын, тіпті қарама-қарсы бағытта жүргізетін факторлардың қандайы өзгеруі керек?
Жауап:
-Теңге үшін «кілт» мұнай ғана емес. Ішкі нарықтағы сенімділік те аса маңызды. Сонымен қатар келесі жылы қомақты тікелей шетелдік инвестициялар тартуға ғаламдағы ахуал қаншалықты ықпалдасады? Сол. Бұл жерде айта кететіні, Қазақстанның өзінің де инвестициялар тартуға тырысып жатқан драмаға толы қадамдары да маңызды. Біздің команда 2016 жылы мұнай бағасы табанға түсетінін болжайды. Сондықтан келесі жылдың бойында айырбас бағамы тұрақтанады деген үміт бар.
Яғни мұнай бағасы табанға түседі де, қайта көтеріле бастаса, теңге тұрақтанады деген болжам ғана. Алайда мұнай бағасына тәуелділікті азайтатын шаралар қатар жүрмесе, көз алақандай болудан қалады. Жалпы, болудан қаламыз...
Айтпақшы үкімет Азия даму банкінен 1 млрд америка валютасын қарызға алады. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін. Келісімді Парламент палаталары ратификациялады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қарыз әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қолдауға және экономиканы ынталандыруға керек.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қарыз алудың елімізге жағымсыз әсері бар деп ойламаймын. Бұл дүниежүзілік тәжірибе. Қаржы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға да жұмсалады.
Бюджет тапшылығын жабу үшін алып жатқан қарыз бір бұл емес. Екінші несиені үкімет Дүниежүзілік банктен тартпақ – оның көлемі де 1 млрд америка валютасы. Мәліметтерді ақтарсақ, ағымдағы жылдың ортасындағы есеп бойынша еліміздің сыртқы қарызы 155,2 млрд америка валютасын құраған. Оның 8 млрд-ы мемлекеттік сектордікі. Қаржы министрі, -біздің бюджеттік қарыз басқа елдермен салыстырғанда көп емес, ішкі жалпы өнімнің 15-17 пайызын құрайды-, дейді. Шұғыл туатын сұрақтар немесе реакция: бізде миллиардтаған теңге игерілмей жатады, бірақ ақша жетпейді. Жалпы, басқа елдермен салыстырудың қандай қажеті бар, қарызды жабатын біз ғой – осы жерде өмір сүретін адамдар...
Айтпақшы осы аптада Президенттің өкімімен бұрынғы бас банкир Қайрат
Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып
тағайындалды. «Қасқыр адам»... Ал аптадағы назар аударатын басты ауыс-түйіс - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы болып төрағаның орынбасары қызметін атқарып келген Владимир
Жұмақановтың тағайындалуы. Нұртай Әбіқаев кешеден бастап сенатор...