Парламент
Сенаты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Владимир Жұмақановты
тағайындау туралы мемлекет басшысының ұсынысын бір ауыздан қолдады.
Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин жоғарғы палата
депутаттарына ведомствоның жаңа төрағасын таныстырды. Ол сондай-ақ Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың комитеттің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевты қызметінен
босатып, сенат депутаты етіп тағайындау туралы ұсынысын оқып берді. Нұртай
Әбіқаевтың өзі Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде
қызмет етуге өтініш білдірген.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Нұртай
Әбіқайұлын барлығыңыз жақсы білесіздер. Белгілі мемлекет қайраткері. 2007 жылға
дейін ол Сенат төрағасы болып жұмыс істеген. Нұртай Әбіқайұлын депутаттық
қызметке кірісуімен құттықтаймыз. Нұртай Әбіқайұлының заң шығару қызметіне тың
серпін беретіндігі анық. Нұртай Әбіқайұлы өзінің депутаттық міндетін
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамында орындау
жөнінде өтініш білдірді.
Еске
салсақ, 25 желтоқсан күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нұртай Әбіқаевты
зейнет жасына толуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығынан
босатты. Оның орнына комитет төрағасының бірінші орынбасары Владимир Жұмақановты
басшылыққа қою туралы шешімін жариялады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ