Русский Сайттың толық нұсқасы

Аптадағы геосаяси келбет...

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2015
  • 1608

Серж Саргсян,  Армения президенті:

Біз Сириядағы терроршыларға қарсы операцияға қатысқан  СУ 24 ресей әскери ұшағын Түркияның қарулы күштері атып түсірген оқиғаны талқыладық. Түркияның қадамы терроризммен күреске бағытталған халықаралық күштердің бірігуіне, Сириядағы ахуалды реттеуге және аймақта бейбітшілік орнатуға әсте ықпалдаспайды. Біз Ресейдің одақтастары ретінде Мәскеудің позициясын қолдаймыз.

Армения президентінің Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымының Мәскеуде осы аптада өткен САММИТ-інен соң журналистер алдына шығып, жасап тұрған мәлімдемесі. «Коммерсант» басылымында оны «Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымының атынан мәлімдеме жасады-, деп жазды. Аталған ұйымда төрағалық тізгіні қазір Арменияда болғаны қандай жақсы болған – ортақ мәлімдемені көпшілікке жариялайтын міндет ілінетін... 

 Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы экономикалық кеңесінің де отырысы өтті. Онда Ресейдің Украинаға азық-түлік эмбаргосын жариялап, Украинадан тасылатын тауарларға салықтарды көбейту мәселесі талқыланды. Кремль Киевпен еркін сауда режимін тоқтатады. Сөйтіп 1-қаңтардан бастап украин импортына тарифті біржақты көтереді. Орыстардың аргументі – Украина Еуро Одақпен еркін сауда айналымына көшеді, ал Еуропадан баж салығынсыз өткен тауарлар Украина арқылы Ресейге ағылуы мүмкін. Жалпы, Украинаның Ресеймен араздасуы, тіпті соғысы украиндардың басым бөлігінің еуропалық жолды таңдауларына байланысты екенін еске саламыз. 

 Ал Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мүшелері Украинамен баж салығынсыз саудаласа бермек. Мәскеудің, одақ аясындағы елдер арқылы украин тауарлары мен Украинаға  түсетін еуропа тауарлары «өтіп кетпесін», яғни реэкспорт болмасын деп, әрекеттеніп жатқан түрі. Жаңа айтқан «Коммерсант» басылымының дерегінше, ресей жағы ЕЭО мүшелерінен Украинаға қарсы санкцияларын қолдауды сұраған. Ресей бірінші вице-премьері Игорь Шуваловтың айтуынша, одаққа мүше мемлекеттердің басшылары «бір режим болуы үшін бес елдің де бір шешім қабылдағаны дұрыс болар еді», деген – мыс. Мұны біз президенттердің «негізі дұрыс ғой» деген жалтарма жауабы деп қабылдадық... 

Геосаясат бойынша осы аптадағы ең маңызды жаңалық – еліміз  Еуропа Одағымен етене жақын әріптестік пен ынтымақтастық келісімін бекітті. Құжатқа республиканың сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғары комиссары Федерика Могерини қол қойды.

Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, «Келісімде қарым-қатынастың 29 саласы қамтылған. Халықаралық, аймақтық қауіпсіздік пен қарусыздану сияқты саяси мәселелерден бастап, сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту сияқты сауда-экономикалық мәселелер және инновациялар, мәдениет, спорт пен туризм, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық бар».

«Азаттықтың» жазуынша, Астана мен Брюссель қол қойған келісім ЕО –ң  Украина, Грузия және Молдовамен бекіткен жақын саяси серіктестік келісімдеріне қарағанда әлсіздеу. Бірақ, Ресей мен Орталық Азияның басқа елдерімен жасалған келісімдеріне қарағанда әлдеқайда күштірек саналады.

Федерика Могерини, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі:

Еуроодақтың жаңа стратегиясы саяси мәні бар құжат. Оны одаққа мүше барлық елдер мен институттар мақұлдаған. Біз Орталық Азия елдерімен стратегиялық серіктестікке инвестиция салуды көздейміз. Бұл Еуропалық Одақ үшін өте маңызды.

Ал онша емес жаңалық - «Колёса» сайтының хабарлауынша, Ұлттық экономика министрлігі баж салықтарын төмендететін, оның ішінде сырттан тасылатын транспорт құралдарына да, бұйрықты уақытша тоқтатқан. Салықтардың азаюы еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне байланысты етін. Ал бұйрықтың тоқтатылуы –біздің төмен салықтармен тауар таси алуымызды  Еуразиялық экономикалық одақ аясында одақ мүшелерімен келісіп алуға міндеттіміз. Бізге баж салықтары азайып келетін импорт тауарлар одақтың басқа елдеріне өтіп кетпеуі керек. Өтсе де айырмашылық төленуі тиіс. Осы келісім-хаттамаға Ресей қол қоймаған болып шықты. Одақтың басқа мүшелері баяғыда ратификациялап қойған екен. Мәскеу қол қойғанның өзінде шешім күшіне ресми жарияланғаннан кейін 30 күннен соң ғана енеді. Егер Ресей жаңа жыл қарсаңында, жаңа-жылдан соң іле-шала ратификацияласа да, баж салықтарын еліміз ақпан айынан бастап ғана азайта алады. Осындай «ұмытшақтық» немесе еуразиялық экономикалық комиссиядағы қазақ шенеуніктерінің қырсыздығы...