Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы мен ҚХА Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жолдарын талқылады

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2015
  • 1783

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сейдумановтың төрағалығымен «Ел бірлігі» тақырыбында сарапшы топтың кезекті отырысы өтті. Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы ортақ жоспары талқыланды. Әсіресе «Біртектілік пен бірлік» аталатын төртінші тармағына назар аударылды. Осыған байланысты Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына «Үлкен мемлекет - үлкен отбасы» атты ауқымды іс-шараны іске асыру бойынша тапсырма жүктеген.

Отырыс барысында белгілі болғандай, аталған реформаны жүзеге асыру үшін 33 дербес әлеуметтік-мәдени жоба іске қосылды. Кездесу қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының болашақта атқаратын ортақ жұмыс жоспары бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.

Берік ХАСЕНОВ