Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сайлауға түспеуім керек еді»...

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2015
  • 1431

Ал ФИФА президенті Йозеф Блаттер  мен  УЕФА президенті МишельПлатинифутбол қызметінен 8 жылға аластатылды. ФИФА-ң этика жөніндегі Комитеті жүргізген тергеудің қорытындысына сүйеніп қабылданған шешім.  Сондай-ақ, швейцар франкімен Блаттер – 50 мың, Платини – 80 мың айыппұл төлейді. Себебі Блаттер Платиниге 2011 жылы  2 млн франк ақша аударған. ФИФА президенті УЕФА президентіне аударған ақша «консультациялық қызметтері үшін төленген ақы»- дегенімен, заңдылығын дәлелдей алмады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ФИФА-ның жоғары шенділері «жемқор» деген күдікпен АҚШ пен Швейцария тергеу бастаған. Сол даудың аясында Блаттер президент болып кезекті рет қайта сайланған. Бірақ сайлау қорытындысы отқа май құйғасын, 2016 жылдың ақпана айында қызметтен кетуге уәде берген. Ал Платини негізгі кандидат ретінде есептелетін.  Тіпті Блаттердің өзі «жемқорлыққа қатысты дауды үрлеген француз»- деп, мәлімдеген-ді... Карьерасы құрметті зейнеткерлікпен емес, құлдыраумен аяқталған Блаттер  The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатын «Мен ФИФА-ға 40 жылымды арнадым. Мені өткеннің әңгімесі толғандырмайды, себебі мен үшін өткен жолым болашаққа қарағанда табыстырақ» -деп аяқтапты. 79 жастағы футбол функционері оның алдында -соңғы рет сайлауға түспей-ақ қоюым керек еді-, деп өкінген...