Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Досаев: Банктер валюта бағамындағы айырмашылық арқылы пайдаға кенелуге құлықты емес

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2015
  • 1111

Банктер валюта бағамындағы айырмашылық арқылы пайдаға кенелуге құлықты емес. Нарық таза «ойынға» көше бастады. Мәжілісте "Дағдарысқа қарсы бағдарламаны" таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай деді. Ал депутаттардың көпшілігі жиі құбылған теңге бағамына, мұнай бағасы мен зейнетақы қорындағы қаражаттың тағдырына алаңдаулы. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.


Жуырда Үкіметте тұсауы кесілген бағдарлама бүгін төменгі палатада таныстырылды. Ерболат Досаев мінберден оны бастан аяқ оқып шықты. Ал депутаттар нарықта әрекет етуге бағамның төмендігінен бұрын тұрақсыздық тұсау болып тұр дейді. Министр банктердің бұрынғыдай АҚШ валютасын алып-сатып ақша табуға құлықты еместігін айтты. Теңге де қажет. Тұтынушы несиені теңгемен алады. Портфельдегі бар ақшаға көк қағаз сатып алып, қарап отырған әлбетте тиімсіз.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бүгінде банктер валютаның соңына түсіп, бағам айырмашылығы арқылы табыс табуды көздейді ме?  Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Қарыз алушыларға беретін ақша азайған. Бүгінгі баланс банктерге пайдасыз. Олар мұны жақсы біледі. Өз қарыздарын қайтарып алуға ғана мүдделі.

Министр теңге бағамы осымен тұрақтайды, бұрынғыдай алыпсатарлық жоқ дегенге меңзеді. Дегенмен экспорттан түсетін валюта азаятын сияқты. Үкімет «қара алтын» құны 20 долларға дейін құлдырайды деп, қамданып жатыр.

Құттықожа Ыдырысов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Алдағы жылы біздің экономикасызды не күтуде, оның даму перспективалары қандай?

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біздің жоспарларымыз алдағы жылы ЖІІ өсімі 2,1 пайзы, инфляция деңгейі - 6-8 пайыз. Экспорт көлемі 40 млрд доллар  жетеді, 18 пайызыға төмен, Импорт - 29 млрд. Елбасының тапсырмасы бойынша 2-3 жаңа сценарий қарап жатырмыз. Мұнай бағасы 30-25-20 долларға дейін. 

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракциясының мүшесі:

Если не считать средств нацфонда и зарубежные кредиты, то что будет восполнять потерю от экспорта нефти для нашей экономики в 2016-2018 годах?

Досаев бұл сауалға нақты жауап бермеді. Босап қалған бюджеттің бүйірін толтыруға қатысты әңгіме бәрібір зейнетақы қорындағы қаражатқа келіп тіреле беретін сияқты. Нұртай Сабилянов қордағы ақшаны тек АҚШ валютасымен беруді ұсынды.

Нұртай Сәбилянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Егер де қаржы ұйымдарына зейнетақы қорынан қаражат берілетін болса, олар тек қана доллармен берілу керек, 1 процент болса да. Теңгемен оларға ешқашан беруге болмайды. Өйткені олар біздің экономикаға жұмыс істеп жатқан жоқ, менің ол жеке ойым.

Сабилянов банктерге шүйліксе, коммунист Косарев байларға тиісті. Бүгінгі бизнесмендер тек мемлекетті қанаумен айналысады деп ашуға булықты.

Владислав Косарев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракциясының мүшесі:

Я точно скажу вам, что каждый, кто хоть чуточку поднялся в предпринимательской деятельности, стремится к одному - одурачить своё родное государство, набить карман и спрятать деньги за рубежом. А поэтому огромные мощности стран не используются.

Сондай-ақ, Косарев Үкіметтен дағдарысқа қарсы бағдарламаны нақтылауды өтінді. Мәселен, тамақ, жеңіл өнеркәсіп саласы ЖІӨ-нің қанша пайызын құрауы керектігін белгілеу қажет. Сөйтіп, валютаға шаққанда бағасы шарықтап кететін импорт өнімдерден құтылу керекпіз, - дейді. Ал, АҚШ валютасы бүгін айырбас пункттерінде 335 теңгеден саудаланып жатыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ