Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттерден
қаза болғандардың туыстарына "Нұр Отан" партиясы басшылығы қайғырып көңіл айтады.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед отандастарымызды
береке-бірлік пен тыныштықты сақтауға шақырды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан»
партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Біз әкесінен, баласынан және
бауырынан қапыда айырылған сіздердің әрқайсыларыңыздың қайғыларыңызға ортақпыз.
Сіздермен бірге біз де аза тұтамыз. Террористерде ешқашан ұлт та, діни сенім де
болмаған. Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің қасапты әрекеттерін жалған діни
ұрандармен ақтап алғысы келеді. Мұндай адамгершіліктен мүлдем ада
іс-әрекеттердің мүбәрәк дінімізге үш қайнаса да сорпасы қосылмайтынын, айырықша
қайталап атап айтқым келеді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ