Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Парламент депутаттарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мемлекет
басшысының құттықтау хатын депутаттар мен Парламент аппараты қызметкерлері
алдында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев оқып берді. Елбасы өтіп бара жатқан
жылды Қазақстан үшін тарихи жадыны жаңғырту, мемлекеттілік пен ұлттық бірлікті
нығайту жылы деп бағалады. Президент қос палата депутаттарына «100 қадам» Ұлт
жоспары мен интеграциялық процесстерге қажетті заңнамалық негіз жасағаны үшін
алғыс білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР
Парламенті Сенатының төрағасы:
Бүкіл депутаттық корпусқа Сенат
және Мәжіліс аппараттарының қызметкерлеріне сындарлы жұмысы және мемлекетіміздің
өркендеуіне қосқан баға жетпес үлестері үшін ризашылық білдіремін. Сіздерді
келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың құттықтауын тыңдау үшін қос палата депутаттарының бұлайша төрт
көзі түгел жиналуы алғаш рет. Осылайша, 2015 жылдың соңғы мәжілісін көңілді нотада өткізген халық қалаулылары
бірін-бірі құттықтап, мерекелік демалысқа кетті.
Асхат Күзеков, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты:
Бүгін біздерге ерекше күн деп
айтуға болады. Өйткені біз жаңа ғана Елбасының өзінің ерекше Жаңа жылмен құттықтауын тыңдап ризашылығымызды
білдірдік. Ол бізге берілген үлкен атқарылған сенім, Елбасының атынан.
Екіншіден, біздің жұмысымызға, қабылдап жатқан заңдарымызға ол кісінің
ризашылығы.