Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан» концерт залында «Тұлға.Елбасы.Тарих.» концертін тамашалады

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2015
  • 1636

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 2011 жылы Сенаттың бастамасымен мерекелер туралы Заңға толықтыру енгізіліп, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып белгіленген еді. Еске салсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні тәуелсіз Қазақ елінде алғаш рет президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сеніміне ие болды.

Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде ерекше мәнге ие. Мереке бүгін еліміздің барлық аймақтарында атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Тұлға. Елбасы.Тарих.» тақырыбымен өткен шараны тамашалады. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатта өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Орталық концерт залында қазақстандықтар қастер тұтатын негізгі құндылықтар - халық бірлігі, қоғамдық келісім, татулық пен тұрақтылық, салт-дәстүр, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы кеңінен көрініс тапқан.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ