Қызылжарда Тұңғыш Президентке арналған көрме ашылды. Онда Елбасы жайлы басылымдарда жарияланған мақалалар мен президенттің бірегей фотосуреттері қойылған.
Қазақстан
тәуелсіздік алмай тұрған кезеңдегі Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік
Қазақстанға жасаған алғашқы сапары бейнеленген. Болашақ президент Петропавлдағы
зауыттарды аралап жүр. Мұрағат басшысының айтуынша, мұндай бірегей фотолар тек
Қызылжарда ғана бар. Жалпы, коллекцияның арасында Ресей мемлекеттік
кино-фотоқұжаттар қорынан алынған суреттер де бар. Мына фото Елбасы ТМД елдері
саммитіне қатысу үшін Мәскеу әуежайына келгенде түсірілген. Тағы бір фотода
тоқсаныншы жылы өткен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жиырма сегізінші
съезі суреттеледі.
Таңат
Сүгірбаев, «Асыл мұра» тарихи-мәдени
орталығының жетекшісі:
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы
болғанда, облыстық партияның соңғы конференциясына қатысты. Біз білеміз. Сөзін
де естідік. Елбасы келіп, сол конференцияға қатысып, сөз сөйлегенін. Одан
кейін бірнеше рет келді. "Біздің Солтүстік Қазақстан - менің тірегім" деген сөзін
өз құлағыммен естігем. Бұл үлкен баға біздің солтүстік қазақстандықтарға
берілген.
Абзал ҚҰРМАНКИН