Тұңғыш Президент күнін
шымкенттіктер де лайықты атап өтті. Түркістан сарайына жиналған жұрт айтулы
мерекеге орай өткен салтанатты шараның куәсі болды.
Жас өнерпаздар Елбасына арнап
жырдан шашу шашты. Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асырып, елдің дамуына
үлес қосып жүрген азаматтар марапатқа ие болды. Алдыңғы толқын ағалар өткен күнге саяхат жасап, Тұңғыш Президентіміздің
саясаты арқасында жеткен жетістіктерді тізбектеді. Тәуелсіз қазақ елінің даңқы
бүгінде шартарапқа тараған. Өркениетті елдермен иық тірескен дәрежеге жетті.
Мұның бәрі - Мемлекет басшысы ұстанған саясаттың жемісі. Көпұлтты Қазақстан халқы
ынтымақ пен бірлігінің арқасында тату тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Жарылқасын Әзіретбергенұлы,
Түркістан қаласының тұрғыны:
Тыныштықтан үлкен бақыт жоқ.
Тыныш ұйықтап, таңертең тыныш тұрғанға ештеңе жетпейді. Бала-шағаң аман болып,
оқтан, судан аман болып, жұмысқа аман барып, сау қайтқанның өзі - үлкен бақыт.
Сондықтан бүгінгі мереке құтты болсын!Тұңғыш Президентіміз жасай берсін, Қазақстан алға баса берсін!
Мархабат Байғұт, жазушы:
Тұңғыш Президентіміздің ұстаған
бағыты да, Мәңгілік ел идеясы да, идеологиясы да жұрттың көкейіне қонады. Енді міндет сол барлығы бәріміз бірігіп, осы мақсаттарды түсіндіруіміз керек. Президент айтқандай, сол халыққа түсіндіру жағында жетіспеушіліктер бар. Соған үлес қосуымыз керек
қой.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ