Халықтың
зор сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлерге де барынша қолдау
көрсетіп келеді. Жыл басынан бері шағын
және орта бизнеспен айналысатын екі
жүзден астам азаматтың мәселесі оң шешімін тапқан. Олардың басым бөлігі - несие
рәсімдеуде қиындыққа тап болған жандар. Бұл партияның Оңтүстік Қазақстан
облыстық филиалындағы қызметкерлердің араласуымен жүзеге асты. Айзада Төребекқызы әңгімелейді.
Осыдан екі айдай бұрын бұл жерден өту мүмкін болмаған. Жергілікті емханаға
келушілер көлігін бей-берекет қалдырып кеткендіктен, жүк көліктеріне қызмет
көрсететін орталықтағылардың кіріп-шығу қиынға соққан. Тар жолда көлік
кептелісі жиі орын алатын. «Нұр Отан» партиясының көмегімен қиындық артта қалды,-
дейді серіктестік директоры.
Мамыт
Әлімов, кәсіпкер:
«Нұр
Отан» партиясына хат жазып, соларға айтқан едік, олар екі аптаның ішінде осы
жұмысты шешіп, бізге осы жерге керекті белгілерін қойып, «машина қоюға
болмайды» деген, соның бәрін шешіп берді. Соны біз осы біздің «КаМАЗ ЕвроСервис» фирмасының атынан өзіміздің
үлкен ризашылығымызды айтпақшымыз. Үлкен рахмет.
Билік
партиясы араласқан соң мәселесі оң
шешілгендердің бірі - Үсенхан Оразбай.
Іскер азамат алты гектар жерге жеміс ағаштарын отырғызған. Айтуынша, Шымкенттің жаңа бас жоспарына сәйкес қалаға
қосылған Алтынтөбе ауылындағы жерінің құжаттарын қайта рәсімдеу кезінде
қиындықтар туындапты. Кәсіпкер «Нұр
Отанның» қоғамдық қабылдауынан соң көңілі жайланғанын айтады.
Үсенхан
Оразбай, кәсіпкер:
Мемлекеттік акт ала алмай алты ай жүгірген
едім, «Нұр Отан» партиясы он күнде шешіп берді. «Нұр Отан» араласса, шешілмейтін
мәселе жоқ екен. «Нұр Отанды» бұрыннан да білетінмін, «Нұр Отанға» сенімім мол.
Құдай қаласа, сол «Нұр Отанның» мүшесі болуға мен де дайынмын.
«Нұр Отан» партиясы өкілдеріне ризашылығын
білдіру үшін кәсіпкер партияға
арнайы келді. Айта кетейік, өткен он
айда 5 331 адам партияның
қоғамдық қабылдауында болды. Олардың
дені әлеуметтік мәселелер бойынша көмек сұрай келген.
Берік
Оспанов, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары:
Келген
адамдардың 33 пайызы нақты өздерінің
мәселесін шешті. Осы күнге дейін толық оң шешімін тауып, қаралған. Қалған
мәселелер көбінесе түсініктеме
берумен қаралған. Қосымша қазір елуге
жуық қаралуда. Яғни әлі мерзімдері келмеген. Біз тиісті сұранысты осыған
байланысты тиісті құзырлы орындарға
жібердік және өзіміз қарап жатырмыз. Сондықтан жақын арада ол мәселелер де оң
шешімін табады деп мен ойлаймын.
Айта кетейік, билік партиясының өкілдері халыққа етене жақындап, қоян қолтық
жұмыс істеу үшін, өзге де жаңашылдықтарға
ден қойды. Яғни енді азаматтар үйінен
шықпай-ақ, өз шағымын билікке жеткізе алады. Ол үшін «жедел желі» және ватцап желілері іске қосылған.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ