«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»
көлік дәлізінің құрылысы сағызша созылуы мүмкін. Халықаралық автокөлік жолы
бойындағы екі бірдей ірі жобаның құрылысы әлі басталмаған. Бұл туралы Есеп
комитетінің өкілдері хабарлады.
Ауқымды құрылыс 2012 жылы
аяқталуы тиіс еді. Алайда, бірнеше рет кейінге шегеріліп, транзиттік дәліз 2016
жылы тапсырылады деп жоспарланды. 2009 жылдан бері құрылысқа 594 млрд доллар
жұмсалған. Еске салайық, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің жалпы
ұзындығы 8445 шақырым. Қазақстан аумағындағы бөлігі 2787 шақырымды құрайды.
Және ол 5 облыс арқылы өтеді.
Александр Горяинов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:
Қазір екі ірі құрылыс
нысандарының жұмысы басталған да жоқ. Оның бірі - 32,5 шақырымдық Алматы-Термез
тас жолының құрылысы. Жол төсеуге 30 айдай уақыт қажет. Демек 2,5 жыл. Келесі
жылы бұл жоба басталғанның өзінде, тек
2018 жылы аяқталады. Және Қытаймен шекарадағы "Нұрлы жол" өткізу
бекетінің құрылысы да қолға алынған жоқ.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ