Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мемлекеттік капитализм, сау бол!»

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2015
  • 1364

20 мың теңгелік купюр шықты. Хабарламасына сүйенсек, «ұб, елдегі ең жоғарғы банкнот орташа айлықтың жартысын құрай алады деген халықаралық тәжірибеге арқа сүйей отырып, 20 мың теңгелікті шығарған». Біздегі орташа айлық 120 мың теңге саналады. Енді осы хабарламаны оқыған адамдардың жазғандарынан: 

«Халықаралық тәжірибе? Еуропадағы ең үлкен банкнот 500 еуро. Бірақ орташа жалақының жартысына тіпті де «жақын» емес. Ал штаттарда 100 доллар. Жаңа теңгемен инфляцияны жасырады...» 

«Онда бірден 60 мың теңгелік купюрді шығармаған ба?»

«Мен капуста сатып аламын, ал біреу ет сатып алады. орташа алғанда екеуміз голубцы жедік. Орташа жалақы да солай есептеледі»

Алайда ұб жаңа банкноттың шығарылуы «инфляцияның артуына ықпал етпейді» деп мәлімдейді. Сонымен бірге бұл банкноттарды басуға қосымша ақша кетпегенін хабарлапты. Себебі жаңа ақша ...2013 жылы басылып қойған. былтыр «20 мың теңгелік жаңа банкнот енгізілмей ме?» дегенге Қ.Келімбетовтің «жоқ, қайдағы» деп үзілді-кесілді жауап беруі, оның шынымен «уолл стрит қасқыры» болғанына тағы бір айғақ. Жалпы айғақтар көп. Тағы бір мысал – зейнетақы жинақтаушы қорларын қайтадан мемлекет қарауына алғызып, ұб –ң басқаруы. Өткен жылы жекеменшік зейнетақы қорларын жойып, басқаруына алғанда келімбетов, аталған нарықтың қожырап кеткенін, ал өзінің мықты менеджер болатынын ашық айтпаса да, тұспалдаған. алайда сол кезде мамандар мемлекеттің мықты менеджер еместігін тұспалдамай-ақ, ашық айтқан. ол комментарий біздің бағдарламада берілген:

Үміт Шаяхметова, «Халық банкі» басқарма төрайымы (сәуір, 2014 ж.):

Өкінішке қарай, мемлекет барлық кезде тиімді менеджер емес. Оны көргенбіз, білеміз. Дәл осы істе де мемлекет тиімдірек басқарады дегенге күмәнім бар. Менің ойымша, жекеменшік басқарушылар класы пайда болады деп, зейнетақы жинақтаушы жүйесі енгізілгенде айтылғандай болу керек. Өкімет «делдалдар» керек емес деді, бірақ жекеменшік зейнетақы қорлары делдалдар емес, нарықтың кәсіби қатысушылары...

Бірақ мұндай пікірлер жымиып қойып тыңдалды. алайда жұрттың да жымиып жүре бермейтіні анық еді - ұб экс-төрағасының күздің басында зейнетақы салымдарын екінші деңгейдегі банктерге береміз дегеніне адамдар әбден ашуланған.

Үміт Шаяхметова, «Халық банкі» басқарма төрайымы (қараша, 2015 ж.): 

Либералды бағытқа бұрыламыз деп ойлаймын. себебі соңғы жылдары ұлттық банк көп дүниеге монополия енгізіп алған-ды. биржа, бірыңғай зейнетақы қоры, бірыңғай несие бюросы, бірыңғай процессинг орталығы, тағысын тағылар. біз бір айналма жасадық, оның жақсы еместігін түсіндік. ұб ең тиімді менеджер емес. әлгі компаниялар шығынмен жұмыс істеп келеді. ұлттық банкке бір тиын пайда түсірген жоқ. тіпті ол нарықтар шала-жансар. сондықтан бұл бағыттарда да жекешелендіру болады деп сенемін... ұб жұмысы ашық, мөлдір болғанын қалаймыз, үміттенеміз.

мәтін  жекеменшік зейнетақы қорларының басым бөлігі рас, жұмсартып айтқанда тиімсіз жұмыс істеген шығар. бірақ үкіметтің де қатырғаны шамалы.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті: 

2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. зейнетақы жиналымдарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қаржыларын инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған жөн. зейнетақы қорына көзқарас пен басқару да ұлттық қорға көзқарас пен басқару сияқты болуы керек.

Мәтінсонымен, ұлттық қорға қарағандай қарау керек деген зейнетақы активтері ұб қарамағынан қайта шығарылып, қайтадан жекеменшік компаниялардың басқаруына берілмек. яғни мемлекеттің мықты менеджер еместігі анық көрінген. әйтсе де бұл бағыттағы мәселенің түйіні – салымдар салып, пайда табатын тиімді қаржы инструменттерінің тапшылығында,- дейді кей мамандар. 

Айдар Әлібаев,Қаржылық қызметтер тұтынушылар одағының басқарма төрағасы:

Қор биржасында қызықты, тиімді, табыс әкелетін қаржы инструменттері болмаса, зейнетақы қорларын біресе анаған, біресе мынаған басқаруға беру, олардың кірісін ұлғайтпайды. сонымен бірге зейнетақы активтерімен бюджетті толтыру дегенмен келіспеймін. әрқайсымыз беріп отырған 10 пайыздық жарнамен бюджетті қаржыландыру дұрыс емес, бұл сонда қосымша салық болып шығады.

Ал жалпы осы жолдауды мұқият сараласақ, біздегі мемлекеттік-шикізаттық-патреналистік капитализмнің іргетасы сөгілуі керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті: 

Бүгінде өсім мен бәсекелестікті не ұстап тұр? Ең алдымен, үлкен мемлекеттік сектор – 7 мыңнан астам кәсіпорындар. «Самұрық-Қазына» және «қазагро» холдингтері өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының орасан зор активтеріне тиімді бақылау жасай алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының активтері іжө-нің 40 пайыздан астамын құрайды, 500-ден астам «немерелер» мен «шөберелерден» тұрады. «қазагро» және «Бәйтерек» холдингтері бюджет пен банктер арасындағы тиімсіз делдалдарға айналды. Осылардың бәрі далиған штаттармен және орасан бюджеттік ресурстармен қоса жүреді, сонымен бірге, жеке инвестициялар мен бастамаларды ығыстырып шығаруға апарып соқтырады...  

Ал шикізат көздерінің бағасы жоғары болған кезде мемлекеттік экономиканың тиімсіздігі байқалмай қалды.

Қайырбек Арыстанбеков, экономикалық саясат институтының директоры: 

Мұнай бағасы жоғары кезде үкіметтің жүргізген экономикалық саясатының сапасын айқындау қиын болып кетті. мұнай бағасы жоғары болғанда табыстар келіп жатыр, е, бәрі жақсы деп ойлаймыз. ал мұнай бағасы түскен кезде экономикалық саясаттың сапасы байқалып қалады екен.

Бірақ тереңірек үңілсек, отандық тауар өндірушілерді қолдау, қорғау, қалай деп сипаттасақ екен, оты аз алапты еске түсіреді. өкіметтің сансыз меморандумдары, мемлекеттің миллиардтаған қаржысы қалайша тиімділік шкаласын көтертпейтіні қайран қалдырады.

Қайырбек Арыстанбеков, экономикалық саясат институтының директоры: 

Біздің тауар өндірушілер екі қысымның ортасында жатыр қазір. біріншісі шетелдік валюталар құнсызданған кезде біздің тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмен түсіп кетеді екен. бұл ваюта демпингі. 2014 жылы ресей рублі құнсызданған кезде біздің кәсіпорындар 9 айдың ішінде мүлдем тұрып қалды. ол бір, сырттағы орындарымыздан айырылып қала жаздадық. біз бұрын ұнды өзбекстанға, одан әрі иранға шығаратынбыз. ал рубль түсіп кеткеннен кейін біздің 1 тонна ұн ресейдікінен қымбат болып шықты.  өкінішіке орай 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың тамызына дейін отандық тауар өндірушілер өте қатты қысымшылыққа тап болды. екінші қысымшылық – мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілерді қорғауда лайықты емес. 2013-14 жылдары біз зерттеу жүргізгенде еэо мүше елдердің тауарлары, азық-түлік, қазақстанда 20-30 пайызға арзан болып шықты. өздеріндегі бағамен салыстырғанда. бұл баға демпингі, немесе тыйым салынған субсидиялар пайдаланды деген сөз, бұл мемлекеттер. оны тиісті органдар қарсы шаралар қабылдауы керек еді, өкінішке орай ондай шаралар көрмедік.

Тіпті «нарықтық экономика» деген ұғымның өзі бізде қате. ашық бәсекелестік, ашық тендер, ашық ойын ережесі жоқ. нарықтық экономика болмағандықтан реформалардың нәтижесі көрінбейді, мың сан жобалардың мультипликативті әсері байқалмайды. Қ«Экономика на пальцах» легализация   з күнін өзі көретін шағын және орта кәсіпкерлердің өздері көп ретте, мәселелерін негізінен пара беріп, шешеді. Жалпы алғанда мәлімдемелер мен әрекеттердің бір-біріне керағар шығуы жүйелік кемшіліктерге нұсқайды. Бір ғана мысал: «шикізатқа тәуелділіктен құтқарады» деп айдар таққан индустриялық инновациялық бағдарлама аясында ...шикізат өндірушілерге миллиардтаған қосылған құн салығы қайтарылған. 

Қайырбек Арыстанбеков, экономикалық саясат институтының директоры:

Индустрияландырудың бірінші бес жылдығында индустрияландыруды арттырамыз деп айттық та, ол бағдарламаға үкіметтің салық саясатын тіке қайшы жұмыс жасадық. Мысалы, салық кодексінде қосымша құн салығын қайтару үдерісі бар. Шетелдерді зерделегенде индустриализация кезінде дайын өнім шығарғандарға ғана қосымша құнды қайтарып отырған. Бұл әлемдік тәжірибе. Аксиома. Ал қазақстанға назар аударсақ, біздің үкімет 2010-2014 жылдары өкінішке орай, шикізатты шығарған экспортшыларға қосымша құнды қайтарып отырған. Былайша айтқанда үкіметтің өзі индустриализацияға экономикалық соғыс ашты.

Тағы бір маңызды деталь - осы аптада жекешелендірудің бір бағыты – кеніштерді сату  басталып кетті. инвестициялар және даму министрлігі қойнауында бағалы металлдар бар 50 кенішті сатты. жер қойнауын игеру бойынша елімізде бірінші рет ұйымдастырылған ашық аукционда отандық және шетелдік компаниялар ыстық күлшеге таласқандай, кеніштерді 2-ақ сағатта сатып алды. түсім 1,5 миллиард теңге.  үміткерлер негізінен қарағанды облысындағы «наурызбай» алтын кенішіне таласқан – 2 миллион теңгеден басталған сауда тайталас нәтижесінде 140 есеге өсті. жеңген компания 280 миллион теңге ұсынған, бұл 1 миллион доллардай.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:

Мемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруге шектеулерді алып тастау маңызды. Үкіметке мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың бәрін қоса отырып, жекешелендірудің жаңа бағдарламасын жасауды тапсырамын. олардың ішінде, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «Қазагроға» кіретіндері де бар. Жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы холдингтің бәрі ықшам ұйымдарға қайта құрылымдалатын болуы тиіс. Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Мұнда акцияларды қор нарықтарына орналастыру мен ашық аукциондар шешуші тетіктерге айналуы тиіс. Оған қазақстандық және шетелдік инвесторларды барынша мол қатыстыру үшін жағдай жасау керек.

Ал апта соңында  үкіметтің 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап нарықта бағаны реттеу саясатынан бас тартатынын ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы серік жұманғарин хабарлады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап комитет бағаны реттеумен бәсеке аса дамымаған нарықта ғана айналысатынын, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан  реттеуді мүлдем доғаратынын айтты.

 «Себебі кез-келген бағаны реттеу әрекеті – бизнес үшін кедергі. Бірақ бағаны астыртын қолдан өсірмеуді  қадағалаймыз»,- дейді Жұманғарин.

Бұл мәселенің бір қыры бар. азық-түлік өнімдерінің тым қатты аспандап кетпеуі әкімшілік жолмен қадағаланады, нанның бағасы субсидияланып келді. Әрі қарай қалай болады? Өткендегі нан бағасына байланысты әңгіме бекер басталмаған.

Экономикалық блоктың соңында беретін ақпарат «геосаяси» - елімізде аэс-ті ақыры орыстар салатын болып шықты. «Росатом» компаниясы үкіметаралық келісімге қол қойылуын ғана күтіп отырғанын хабарлады. Астанаға келген «Росатом-халықаралық желі» компаниясының президенті   александр мертен нақты қанша қаржы кететінін айтпады. Станция 3+ класымен салынады, ең соңғы технологиялармен жабдықталады, ал келісімге келесі жылы қол қойылады деп үміттенеміз  - деп қысқа қайырды. Жапония премьер-министрінің елімізге осы күздегі  ресми сапарының аясында аэс-ті жапондар да салып қалуы мүмкін сияқты көрінген. Бірақ көршілердің аргументі «күштірек» болып шықты. Айтпақшы, осы аптада ресей президенті федералды жиынға арнаған жолдауында Түркиямен арадағы кикілжіңге байланысты тағы біраз «әңгіме» төкті. «Біз олардың есіне саламыз» деген сөздер айтты.