Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұмтылыс...

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2015
  • 1932

Алматылық команда жасап шығарған stone farm фермасының мобильді симуляторы әлемдік нарыққа 2016 жылдың көктемінде шығады. алматыда өткен венчурлі инвестицияларға арналған форумда аталған ойынды құрастырушылар, мультиплеер ойын негізінен америкалық нарыққа бағытталғанын айтты. Қазір оны австралияда тесттен өткізіп жатыр екен. Ойын сюжеті бойынша оқымысты-өнертапқыш болашақты көрсетіп беретін ұшатын тарелка тауып алады. «Ойын барысында өзіңнің фермаңды салып бастайсың – сөйтіп тас  дәуірінен қазіргі заманға дейін дамисың»-, дейді мобильді симуляторды құрастырушылар. Осы сияқты ойындардан ерекшелігі экономикалық құрамдас бөлігі қызық көрінеді.

Фарух Халпетов, жоба авторы:

Егер бала тоңазытқыштағы азық-түліктің қайдан келетінін, қалай өндірілетінін білмейтін болса, осы ойын арқылы барлығын түсінеді. мысалы, торт пісіру үшін жұмыртқа, ұн керектігін ұғады. мультипликациялық ойын болғасын, қызықты формада қабылдайды. ешқандай зорлық-зомбылық жоқ. Баланың тек дамуына ықпалдасады. психикаға әсерін сондай-ақ, математикалық тереңдігін, бәрін-бәрін есептегенбіз. Сондықтан үлкендер де ойнайтын ойын. ал ішкі нарыққа бағыттамағанымыз, бізде мобильді ойындарға онша ақша шығара қоймайды. Ақш, Жапония, Қытайда керісінше, жақсы ақша түседі. Тиісінше, ойын құрастырушылардың дамуына керек қаржы... бізде ешқандай мемлекеттік грант жоқ.  

Венчурлық инвестициялар форумында қазақстандық стартаптарды шетелдердің нарығына шығару мәселесі қозғалды. Мысалы, 650 миллиондық оңтүстік-шығыс азия нарығы. Оның үстіне  Индонезия, Филиппин, Вьетнам сияқты елдер көптеген салалар бойынша бізден ілгері емес.