Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мен жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылар?!»

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2015
  • 2871

Мәтін талантты, еңбекқор, бір сөзбен айтқанда «басы істейтін» жастар бізде көп. Бірақ сол көптің көбі батыс әлеміне немесе дамыған мемлекеттерге кетіп қалғысы келеді. Соған әрекеттенеді. Себебі. Себебін санамалап, белгілі факторларды несіне тізейік. Жақсы өмір сүруге талпыну құқығын ешкім жоққа шығара алмайды. Оның үстіне бюрократия мен коррупциядан шаршағандарға қандай контраргумент? Ал үміт шамдарын сөндірмейтін «энергия көздері» бар ма? Бар. Тек біз әңгіме қылатын мектептерде ғана емес. Ауылдарда да көкірегі ояу талай бала жүр, тек материалдық-техникалық базалар нашар... Бастысы «мен жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылмақ»,- дейтіндер бар, әйтеуір. Ал ең бастысы –не «бүк», не «шік» түсетінімізді айқындайтын қазіргі уақытты «балшықты күз, қаһарлы қыс» барын ұмытқан - мұнай бағасы шарықтап тұрған кездегідей өткізбеу. Бірінші кезекте әрине, өкімет... Президент жарлығымен аймақтарда ашылған "назарбаев мектептері"өрендерінің әңгімесін айгүл ермахан бір сюжетке тізді.

Ұстамды ұстаздар "қоғамдағы жемқорлық сияқты бірнеше дерттен арылу үшін бірнеше ұрпақ ауысуы керек" дейді. Сол келетін ұрпақтың басы бүгінгі мектеп оқушылары сияқты. Мысалы олардың арасында тұлға болатын және қоғам тобырдан емес, "тұлғалалардан тұруы керек" дейтін, бәрін тамыр-таныстық пен пара емес, "таза бәсеке шешу қажет" деп есептейтін, сонымен қатар "экономиканы ғылыммен ұштастырғанда ғана ұшпаққа шығамыз" деп санайтын және  өздері ғылым мұхитына сүңгуді бастаған балалар бар. Біздің уақыттың бүгінгі кейіпкерлері еліміздің әр түкпірінде назарбаев мектебінде оқып жүрген өрендер. Озат, елгезек, өжет. Өздері айтпақшы, кез-келген ситуацияға сыни көзбен қарайтын азаматтар.

Баласы: (үйінде теледидар қарап отырып, біздің стендапты көреді) анашым, қарашы назарбаев мектебін көрсетіп жатыр....

Иә, балам, ол сенің болашақта оқитын мектебің... Білімді балаларды көріп, қалай оқу керек екенін үйреніп, тоқып ал....

Білімнің ғажайып қоймасы кітап болса, ондағы әрбір жазылған теория мектеп ішінде  тәжірибемен ұштастырылады. Көп сөзбұйдаға салмай, нақты іспен көрсетейік. Алматыдағы физика-математика бағытындағы назарбаев зияткерлік мектебінің  9-сынып оқушылары зере мен жасия өте зерек қыздар. Олай дейтініміз жуырда инновациялық жобаны жүзеге асырды.  Табиғи қолжетімді  заттармен аяқ –киім кремін жасап шығарды. Сол арқылы  импортқа тәуелділіктен арылудың бір жолын тапты. Бастысы, білім арқылы еңбектену қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптастыратынын білді. Жобалары тек бізді ғана  таңқалдырған жоқ, шағын және орта бизнесін бәсекеге бейімдей алмай басы қатқан кейбір кәсіпкерлерге  үлгі боларлық.

Зере Орынбасарова, Назарбаев зияткерлік мектебінің  9-сынып оқушысы:

Күнделікті  қолданатын кремдеріміздің құрамында химиялық жаман заттар кіреді. Біздің  қолданатын креміміз  тек табиғи өнімдер.  Ол үшін біз органикалық майларды аламыз, газды жылытамыз+ араның воскын құйып,  иісті кетіру үшн эфирлі апельсин майларын қолданамыз. Күл қара фигментті береді араластырып жатырмыз крем қара түсті алып жатыр, көрсетуге болады - аяқ-киімге жағып жатырмын.  Жап жаңа сияқты. Инновация дегеніміз осы.

Әрине, ұстазы білікті болмаса шәкірті қалай биікке самғайды. Міне, аңғарсаңыз зияткерлерді дайындайтын мұғалімдерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр. Сондықтан білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге байыппен қарап, бірақ батыл қимылдау керектігін біледі, ұстаздар қауымы.

Олег Пак, физика-математика бағытындағы назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

Мұғалімдер біздің мектепке келмес бұрын қатаң іріктеуден өтеді. Лайықты маман екенін дәлелдесе, білім ордасына қабылданады.  Содан білімдерін үздіксіз жетілдіріп отыруы шарт. Мені қуантатыны,  ұстаздарымыз  сабаққа қажетті соны жабдықтарды үйренуден жалықпайды. Тәжірибе алмасқан шетелдік әріптестеріміз педагогтардың бұл қасиетін жоғары бағалайды.

Бүгінгінің зияткерлері  «химия қиын,ашиды миың» -деген кезіндегі көпшіліктің пікірін жоққа шығарған.  Қабырғаға ілінген менделеев таблицасын тек судырата жаттап емес, сынақ жүргізу арқылы  жаңғақша шағуға дағдыланған. Мысалы, бір ғана сабақтың аясында кішкентай бөлшектер арқылы өндірісте мол өнім алуға болатынын дәлелдеуде.  Тың бастамаларына таңқалмай тұра алмайсыз.

Қазес Алтынбек, физика-математика бағытындағы назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі: 

Біз сіздерге көрестіп кеткен кішкентай тәжірибе бұл жанғыш заттар яғни олардың кішкентай бөлшегін басқа бөлшектердің үстіне қондыру арқылы біз үлкен жанғыш заттар алуға болады. Не болмаса әртүрлі нано бөлшектерді қазір нанотехнологияның көмегімен кәдімгі әйнектердің бетіне қондыру арқылы әртүрлі өткізгіш материал жасап жатыр.

Әсет Түзелбаев, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы

Шикізатты өндірмей алу бойынша біз бірінші орындамыз. Бірақ біз оны өндіріп үйренуіміз керек. Міне назарбаев мектептерінің  оқушылары болашақта осы экономиканы дамытып, шикізатты өндіруге көшіп, осы  қазақстанды дамытуға өзіміздің ниетіміз бар. Осы мектепке  келгелі  критикалық  ойлау жайлы үйрендім. Критикалық ойлау ол  ең бірінші - логика. Яғни әр адамның кез- келген салада жалпы өмірде логикасы керек. Себебі болып жатқан оқиғаға байланысты немесе бір сөзбен айтқанда кез келген жағдайда өзінің ойын  білдіру.

Оқушылардың сыни ойлай білу деңгейін қалыптастыруға батыс мамандарының да үлесі бар.  Ақш пен австралиядан келген мұғалімдердің пайымынша, жаңа технологиялардың дамуына байланысты қазіргі заманғы адамдар өте көп ақпараттарға ие және ол ақпараттар күннен күнге өсіп келеді. Сондықтан да осындай шексіз ақпараттардың ағымынан дұрыс, маңыздысын таңдай білуді дағдыға айналдыру қажет. Ол үшін бір пәнді 3-4 мұғалім бірлесіп өту арқылы есептерді шешудің  неғұрлым кең әдістерін қолданып, талдау жасауға бейімдейді. 

Майкл Шайн, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының халықаралық орынбасары:

Біз кеңес одағынан қалыптасқан мықты теориямен балаларды  оқытып, оны батыстағы озық тәжірибемен істе көрсетеміз.әрине жергілікті оқушылар ақпаратты өзінің пайдасына қарай  қолдануды біле бермейді. Сондықтан біздің міндетіміз  5 не болмаса 2 деген бағаны қоюмен өлшенбейді. Керісінше, олардың қандай салаға қабілеті бар екенін айқындап соған қарай бейімдеу міндеті тұр. Біз тек есепті шығаруды үйретіп қоймауымыз керек, жаһандық түрлі кездескен жағдайлардан өз бетінше жол табуға үйретуге тиіспіз.оқушының дарыны қойған сұрақты жаттап алып жауап беруінен емес, сұрақтарды іріктеу арқылы нақты  әрі бірнеше нұсқаларын келтіру  арқылы анықталады.

Қазір республика бойынша 20 назарбаев зияткерлік мектебі бар. Онда балалардың алаңсыз білім алуына  жағдай жасалған. Тағы бір ерекшелігін айтпай кеткен жарамас.  Бұл мектепті бітірген түлектер ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспайды. Сондай кіл мықтылар жиналған мектептің бірі- қызылорда қаласында. 12 - сынып оқушысы жасұлан балмағамбет өткен  жылы «пифагор теоремасын» зерттеп талайды таңқалдырды.

Жасұлан Балмағамбет, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқышысы (Қызылорда):

Мен көп жағдайда есептеуге қызығамын. Себебі  мен нақтылықты дәлме- дәлдікті жақсы көремін. Сондықтан мен пифагор үшбұрышы  теоремасын қайдан шыққанын өзім қызығып зерттеген болатынмын. Айти бағдарламаларға қызығамын себебі қазіргі технология дамыған заманда айти саласы өте қажет салалардың бірі. Мысалға қазіргі қазақ студенттері  калифорния штатында силикон алқабында жұмыс істейді. Қазір біздің қолданып жүрген кез келген бағдарламаларды ғаламторды ашғандағы барлық сайттар ол осы жастардың жасаған еңбегі деп ойлаймын. Бірақ бұнымен тоқталып ғана қоймай әлем таң қалатын бағдарлама жасағым келеді.

Талабы зор, мақсаты биік өрен  қарағандылық - дидар теміртас. Ол өз елін экологиялық апаттан құтқарғысы келеді. Қызылорда облысындағы арал теңізіне арнайы экспедициямен барып, топырағын зерттеген. Тіршілік көзіне қайта нәр беріп, құнарландыру үшін ерітінді-полимерді дайындапты.тіпті зерттеу тек парақ бетінде қалып қоймасын деп  сынақ жүргізіп, арал топырағынан  өсімдік өсіріпті. Тың жобаны жас өскін көп  кешіктірмей бизнес жоспарға айналдырып, жас кәсіпкерлер байқауына ұсынбақ.

Дидар Теміртас, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы:

10-ның минус 8 дәрежесіндегі полимерді арал теңізінің аумағына сепкен кезде,сулы бөлігі топырақтың астына кетіп, барлық топырақтың құрамындағы зиянды заттар жер қойнауына сақталады.оның сыртқа шығуына жол бермейді. Болашақта осы полимерлерді қолдану арқылы теңіздің жарамсызданып қалған бөлігінің қайта жандануына септігін тигізгім келеді.

Ал, осы мектепте екі жылдан бері жұмыс істеп жүрген британдық амман кадирді сөзге тартқанымызда  қазақ оқушыларының адами қасиеттеріне көбірек тоқталды.

Амман Кадир, информатика пәнінің мұғалімі: 

Мен әр түрлі мәдениетті бірнеше елде жұмыс істедім. Мұндағы оқушылардың дүниетанымының кеңдігі, интеллигенті,зерттеуге құмар екені өз алдына, олар ашық жарқын.әрине бастапқыда шетелдік оқытушылардан аздап ұялатын.  Бірақ, бірнеше сабақтан кейін олардан бауырмашылық пен ашықтықты байқадым. Өз эмоцияларымен, ой- пікір, көзқарастарымен еркін бөліседі. Бөтенсу деген жоқ. Жүректері кең. Осы қасиеттерін жоғары бағалаймын.

Ал Шымкенттік 12- сынып оқушысы ұлан хамза келешекте әріптесіміз атанбақшы. Жаңа заманның журналисі болуды армандап жүр.

Ұлан Хамза, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 -сынып оқушысы (Шымкент): 

Технологияны дамытып жатыр ол күнделікті өмірімізге әсер етіп жатыр салт –дәстүріміздің жойылуына алып келіп жатыр ата - бабамыздың қарашығындай сақтаған жерлерін  сақтау үшін күресуіміз керек. Халыққа түсіндіру жүмыстарын жүргізуіміз керек. Сауатты болғанмен, дұрыс ой қалыптастыру бәрі үшін маңызды.

Клер Поуис, Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі (Шымкент):

5 жылда ұққаным, қазақ балалары тек елінің патриоты ғана емес, әлемнің  белсенді азаматы  болғысы келеді. Олардың басты ұстанымы осы. Бұл қуантады.

 Ал қостанайлық зухраның ана тіліне байланысты толғанысы ырзашылық сезімге бөледі:

Зухра Тотаманова, Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы (қостанай):

 Қазақ хақының әдет-ғұрпын, ұмытып  қазақ тілінде шала сөйлеуі құрдастарымды қатты толғандырады. Бұл мәселені жою үшін  болашақта да  қазір де  күресуге дайынмын. Білімді адамның алмайтын қамалы жоқ. Яғни әрқашан білімізді тәжірибемізді елімізде қолдансақ және осы мәселелердің шешімін табуға ұмтылсақ, әрине шешілмейтін түйін жоқ.

Білім айдынында еркін жүзіп, ғылым нәрімен сусындаған оқушылар күні ертең азамат атанады. Елді өрге бастайтын  солар. Жүректері «Отан» - деп, соққан  азаматтардың бүгінгі басты қалауы ел игілігі үшін жұмыс істеу. Бұл көңілге демеу.

 Диалог:

(Жалпы білім беретін мектептің 5-ші сынып оқушысы анасымен бірге мектептің жанынан өтіп барады)

Анасы: балам, көрдің бе! Бұл мектепте оқу үшін білімді, жан-жақты болу керек.

Баласы: тырысамын апа, бүгінде бірнеше «5» алдым.

Айгүл Ермахан, Айжан Қуаш, Заңғар Санай, Айзада Төребекқызы, Шарипа Сақтапова, «Біздің уақыт»