Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2015
  • 1208

Бүгін президент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады. Кездесу барысында палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке тапсырмалар берді.

Президент жекешелендіру бағдарламасы аясында отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және мүлкін жария ету процесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық палатасына шағын және орта бизнеске қажетті инвестиция тарту бойынша Үкіметпен бірлесіп жұмыс жасау керектігін айтты.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Қазақстанда жасалған Қазақстан маркасы, Ұлы дала елі деп аталатын тауарға жету үшін, көп жұмыс жасау керек деп, алдымызға осындай мақсат қойды. Тағы бір қойған мақсат - ауыл шаруашылғындағы кооператив процесін дамыту. Осы салаға көп көңіл бөлді. Соның ішінде шекаралас жатқан Қытайға азық-түлік нарығын ашуға, Ресейге азық-түлік нарығын ашуға, оған экспортқа шығуға көп жұмыс жасау керектігін айтты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ