Алматыда
«Қайрат» клубын марапаттау салтанаты өтті. Клуб тарихында алғаш рет күміс
жүлдеге қол жеткізген футболшыларды қала билігі, клуб ардагерлері мен
жанкүйерлер құттықтады.
Бұған
дейін екі рет чемпион атанып, 5 рет қола жүлдені иеленген алматылық ұжым биыл
ел біріншілігінде екінші орын алды. Сондай-ақ, Владимир Вайсстың шәкірттері
УЕФА Еуропа лигасының 4-ші кезеңіне дейін жетті. Бұл сында «Қайрат»
футболшылары тек Францияның «Бордо» клубына жол берген. Алда бір ғана кездесу
қалды. 21 қараша күні «Астана Арена» стадионында «Астана» және «Қайрат» командалары
Қазақстан кубогын сарапқа салады.
Бауыржан
Исламхан, «Қайрат» клубының капитаны:
Көрдіңіздер
сезонды өздеріңіз. Болмай қалды. Чемпиондыққа кішкене жетпей қалды. Бір
балл. Ойлаймын, енді келесі жылы, Алла
қаласа, бәрі жақсы болады, келесі жылы чемпион боламыз. Барлық күшті соған
саламыз.
Самат ҚАНАҒАТОВ