Русский Сайттың толық нұсқасы

Т.Дүйсенова: 2020 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру жасы 73-ке жетеді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2015
  • 1320

2020 жылға қарай Қазақстанда тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 73-ке жетеді деген жоспар бар. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің айтуынша, бұған  медициналық қызметке қолжетімділіктің артуы септігін тигізеді. Алдағы төрт жылда саланы қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы аясында тегін дәрі-дәрмек тізімі ұлғайтылып, емханалық көмек жүйесін кезең-кезеңімен дамыту көзделген. Тамара Дүйсенова, транспорттық медицина саласы да дамып келе жатқанын айтты. Санитарлық авиация, жылжымалы дәріхана және жедел жәрдем қызметі бір жүйеге біріктірілмек.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Басты назар қазақстандықтардың жартысынан астамының өмір жасын қысқартуға себеп болған ауруларға аударылады. Олар - инсульт, инфаркт, қан қысымы секілді сырқаттар. Олар бойынша бірыңғай емдеу жүйелері қалыптасады.  

Жұрағат БАМАН