Қазақстанда күрделі реформалар басталады. Күрделілігі жағынан 90-жылдары жасалған реформалардан кем болмайды. – Қазақстан Президенті өзінің «Нұр Отан» партиясы бойынша бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовпен кездескен, жаңағыдай деді.
Негізі осы аптадағы еліміздегі өте маңызды мәлімдемелер Ақ Ордада жасалды. Сәрсенбідегі президенттің төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы күрделі уақыттың басталатынын ғана емес, кейбір нюанстардың кейбір қырларын ашып берді. Мұнай бағасының «жан жадыратын» мезгілі «батпақты-балшықты, ызғарлы –мұздай» кезеңге ауыса салатынын өкімет «ұмытып» кете береді. «Миллион мында, миллион анда». Дәлірегі – миллиард.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Если бы у нас был нормальный министр финансов, казначей, он бы следил за каждой копейкой. А ты давал и давал, сколько просили. Осыныңбарлығын кім есептейді?Казна государства, я тебе поручил, ты карман государства: мой личный представитель по тому, как следить за деньгами и казной государства, ну как такое позволить можно было? Все вы добрые за государственный счет. Министр финансов вот такой должен быть, вот надо лучше, по-моему, Жамишева поставить, ни с кем разговаривать не будет. Может он не нравится кое-кому, мне тоже он не нравится,но то, что он прямой, как оглобля, это точно. В интересах государства.
Сонымен, миллиардтап түсетін түсім жоқ. Экспорт жартысына дейін құлдыраған – 42,5пайыз. Ал әлемде Н.Назарбаев айтқандай, ақша көп. Мәселе қызықтырып, тарта білу өнерінде. Қомақты капитал бар елдерде жүрген еліміздің өкілдерінің деңгейін президент осы жолы былай сипаттады: Жұмысын білмейді. Экономиканы қайдан білсін...
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Министерство иностранных дел должно этим заниматься. Чем еще заниматься? Мы не такая держава, что мы определяем мировую политику, дипломатию. Послы у нас, куда ни поедешь, не знаю, чем занимаются. Свое дело не знают, экономику тем более не знают. (...) раздувание посольств везде, надо - не надо. Это, конечно, министерство такое, столько послов, и нам это не надо сейчас. Нам надо иметь представителей там, где есть интересы Казахстана. (...) Поэтому ориентация должна быть такая.
Ал бүрсеңдейтін уақытқа
дайындаған «шаналардың» темірі мыс болып шығады немесе қаңқасы бар, бірақ
отыратын ағашы жоқ... Мысал? Мысалы, «Агробизнес-2020»
бағдарламасы. Аталған саланың экспорттық әлеуетін зерттейтін сарапшылар бағдарламада меже
болып көрсетілгендей, алдағы төрт жылдың ішінде
еліміз азық-түлікпен өзін-өзі 80 пайызға қамтамасыз ете алмайтынын
айтты.Еңбек өнімділігі Еуропа елдерімен салыстырғанда 5 есе кем. Ал климаты
ұқсас Канада мен АҚШ 3 есе озып кеткен. Шенеуніктердің «қазірдің өзінде ішкі
нарықтағы азық-түліктің 80 пайызы отандық өнімдер» деп рапорт бергені мәлім.
Мұны естіген сарапшылар жөткірінеді.
Салим Мифтахутдинов, «Үйлесімділіктің жаһандық технологиялары» тұк
президенті (Мәскеу):
(аударма) Оказывается80 процентов - это относится к Астане и Алматы.
80 пайыз
дегендері Астана мен Алматыға ғана қатысты екен. Алайда «Агробизнес-2020»
бағдарламасына сәйкес, 20-жылға дейін негізгі азық-түлік түрлері бойынша
Қазақстан өзін-өзі 80 пайызға қамтамасыз етуі керек ғой. Қазіргі тенденцияларға
таразылаған біздің сараптама бағдарламаның іске аспайтынын көрсетеді.
Енді мынадай деталь: tengrinews.kz –ң хабарлауынша,«Самұрық-Қазына» ҰҚ
төрағасы Өмірзақ Шөкеев уәкілдігі
«жетіңкіремейтінін» айтқан.
Қорды трансформациялау үшін темірдей тәртіп керек. Трансформация сөзсіз және вертикальді түрде орындалуы тиіс» - деген Шөкеевке, Назарбаев «Тәртіпті кім орнатады?» дейді. Жауап: «Трансформацияға сәйкес, мен бұйрықтарды холдинг бойынша тігінен бере алатын болсам». «Сені тыңдамай ма?» деп жалғастырады, Президент. «Тыңдамайды дей алмаймын, бірақ мысалы, шет мемлекеттердегі өкілдіктерді жабу туралы бір жыл бұрын шешім қабылдағам, әр түрлі себептермен олар әлі жабылмай тұр» - дейді Өмірзақ Шөкеев.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Ты молодой, образованный, в расцвете сил, тебе даны полномочия, тебе дана должность и ты жалуешься, что тебя не слушают? Неудобно слушать. Кто не слушает, давай, скажи? Кто Умирзака не слушает в «Самрук-Казыне»?
«Ну, там много интересов, просто мне одно слово ваше нужно и все»,
Өкіметтің кәсіби біліктілігі туралы әңгімеге мүдделер тартысын қосқанда көп мәселенің неге «мәселе» екені түсінікті болады... Айтпақшы, Шөкеевтің хабарлауынша, «ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» біріктірілуі мүмкін. «ҚазМұнайГаз» -дың құрамында екі құбыр компаниясын ұстаудың мағынасы жоқ» - деді. «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау бойынша табиғи монополист. Оны Қайыргелді Қабылдин басқарады. «ҚазТрансГаз» газ және газбен жабдықтау бойынша ұлттық оператор. Оны Қайрат Шәріпбаев басқарады.
Сонымен, «Самұрық-Қазына» жекешелендіру қазанына түседі. Қордан 360 компания, оның ішінде «Қазмұнайгаздың» 131 компаниясы сатылады. Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК-ң 72, «Қазатомпромның» 44 компаниясы саудаға қойылады. «Самұрық-Энерго» аймақтық электр компаниялары мен электрстанцияларынан айырылады, гидростанциялары ғана қалады. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» 2,5 триллион теңге табыс көрмек. Алайда жекешелендіру науқаны басталғалы бері жоспарланған 800 лоттың 213-і ғана сатылған. 28 пайыз. Президенттің ойынша осы 28 пайыз үкімет жұмысының тиімділігінің көрсеткіші...
Сонымен, алдағы үш жылдың
бюджетінде 1 доллардың бағасы 300 теңге болып белгіленді /Өткен аптада Ұлттық
экономика министрі Ерболат Досаевтың, -бәрін дүрліктіріп жүрген ...журналистер-
дегені есте, бюджеттің негізгі параметрлерін бекіте алмай жатқандарында/.
Кейбір сарапшылар жағдай тұрақты кезде бюджет нақтылана беретінін қаперде
ұстап, енді қиын уақытта 3 жыл емес, тіпті 1 жылға жоспарлау қисынсыз, тоқсан
сайын қарау керек – дегенге дейін барды... Жылдың соңына дейін Президент
халыққа Жолдауын жариялайтынын хабарлады. Бүкіл анықтама, салыстырмалық кесте,
есептерді дайындайтын үкімет экономикадағы құрылымдық дағдарысты сипаттауы
тиіс, шикізат көздерінің бағалары құлауына сілтей бермей, - дейді тағы сол
сарапшылар. Әйтпесе «көбелек қауашағынан шыға алмай қалады».