Русский Сайттың толық нұсқасы

Жекешелендіру детальдары

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2015
  • 1580

Парламент палаталары «Мемлекеттік сатып алулар» туралы заңды бекіткен. Сондағы екі детальға назар аударамыз. Біріншісін сенатор Сергей Громов тарқатады.

Сергей Громов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Қолданыстағы заңнан шетелдіктердің әуе компаниясындағы үлесі 49 пайыздан аспауы керек  деген бап алынып тасталды.  Яғни жаңа заң бойынша шектеу жоқ... Ал ондай шектеу қойылғаны – ұлттық тасымалдаушы компания стратегиялық маңызды нысан болып есептеледі.  Негізі, шетел бақылауындағы компания ішкі нарықта қызмет көрсетпеуі тиіс. Жалпы, ұлттық тасымалдаушы компанияда шетелдік үлестің 49 пайыздан аспауы дегеннің астары - қажет болған кезде  мысалы, мемлекеттік қорғаныс үшін немесе төтенше жағдайларда жылдам пайдалану үшін қолжетімді болуы керек... Ал осы шектеуді алып тастау арқылы қиындықтарға тап болуымыз мүмкін. Сондықтан шетелдік заңды немесе жеке тұлғалардың үлесіне байланысты белгілі-бір шектеу қойған дұрыс. Үкіметтен аталған мәселеге мұқият қарауды сұраймыз. Мәселе мемлекеттің экономикасына, қауіпсіздігіне барып тіреледі

Екінші деталь сенатор Ләззат Қиыновтан. 90-жылдардың ортасында алғашқы жекешелендіру кезінде «май шелпектердің» үлестірілгені, «тиынға» сатылғаны туралы қарапайым жұрт айтатын. Солай болғанын бірінші рет –ау деймін, өкілетті болса да, жоғары билік өкілі өз аузымен айтты. 

Ләззат Қиынов, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

У меня небольшое сомнение по этому поводу. Заңда квазимемлекеттік секторға жататын  нысандарды жекешелендіру кезінде тендер үшінші рет өткізілетін болса, баланстық құнынан төмен баға қою керек деген бап бар. Мүмкін сіздердің барлығыңыздың естеріңізде емес шығар, алғашқы жекешелендіру кезінде  бір мұнай компаниясы сол компания бір айда табатын ақшаға сатылды. Сатып алғандар арада 4-5 жыл өткенде ол компанияны 4 миллиард долларға сатты... Қандай жағдайда баланстық құнды төмендетуге болады және қай деңгейге дейін екенін мүмкін заң актілері арқылы ма, жазу керек шығар?