Русский Сайттың толық нұсқасы

Геосаясат иірімдері, ми майданы...

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2015
  • 1817

Париждегі терактілерден кейінТүркияның Анталья курортты аймағында – Белекте  G20 – барынша дамыған жиырма ел басшыларының САММИТ-і өтті. Әрине, сәйкестілік.Әйтпесе ондай жиындар жыл бұрын жоспарланады... Ондағы басты кездесу АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путиннің екеуара сұхбаты. Мына көріністер – екеуінің бірі-біріне ентелей түсіп, сөйлесуі – БАТЫС әлемі мен Ресей арасындағы қазіргі саяси және ақпараттық қақтығыстарға байланысты кезекті материалдарды «көлдетті».

Египетте 224 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатының терроршылар салған бомбадан болғанын, яғни теракті екенін ресми мойындағасын. Ал оны Париждегі терактілерден соң бір-ақ мойындады – «қолайлы сәтті» пайдаланғандай, ДАИШ-ң базаларын бомбалауды үдетті. Азаматтары ажал құшқасын, бомбалау тіпті «заң шеңберіне» енді...

БАТЫС-ң ақпарат құралдары -қазіргі уақыт Путин үшін санкциялар қамытынан құтылуға мүмкіндік туғызып отыр, егер онымен альянс жасалса, ол екі жеп биге шығады- дейді. Украинаға байланысты салынған санкциялардан құтылады, екіншіден басты арманы – санасатын держава айналады... БАТЫС «орыстар Башар Асадтың қантөгіссіз кетуіне ықпалдасса ғана, «пайдасы» бар»- деп есептейді. Алайда нақ француздар «ДАИШ пен күресте Ресеймен біріксе, тиімділік артады» деген аргументке бұрылды. Бірақ олар «Le Monde» жазғандай, «Ресейдің Сириядағы жағдайға араласуының басты себебі ірі державалардың ойынына оралу. Сонымен қатар Сириядағы ресей мүдделерін қорғау» екенін біледі... 

Қарапайым айтқанда, біз ойынға араласатын держава болмасақ та, ойынның ережесін біз де білуіміз керек. Біз орналасқан аймақ та бықсыпжатқанымен, бұрқ етуі әп-сәтте. Оған көзқарасы радикалданып, экстремистік-терроршылық қалыпқа түскен, түсіп жатқан азаматтарды қосыңыз. Ойынан, ұстанымынан, өмір сүру салтынан шошып кететін адамдардың қаптамағанын тілейтін уақытқа жеттік. Ал олардың жайылмауын қамтамасыз ететін күрес радикалды емес, рационалды болғаны шарт. Таразының бір басында  рухани жүдеу, оның ішінде діннен таған іздеу сияқты ішкі дүниенің аласұруы мен сол аласұртқан сауалдарға жауап таба алмау немесе қате жауаптар алу тәрізді факторлар тұр. Ал екінші басында – жұмыссыздық, әлеуметтік әділетсіздік, жемқорлық сияқты дерттер... Бұл  жасырын жүргізетін майдан емес, бұл бірінші кезекте ми майданы.

Мөлдір Бақытқызы жалғастырады.

Парижді көріп, өліп кетсем» дейтін тәмсілді бәрі біледі. Адамзатты ынтықтырып қойған – бір қала. Қарапайым ғана мысал, бәріміз көріп өскен фильмдер, кітапқұмарлар көз майын тауысқан шедевр шығармалар, сылқым-сұлуларды есінен танытқан француздың әтір, опа-далаптары, дәмі тіл үйіретін француз болмысымен байланысқан тағамдар, тізе берсе жетеді. Күнделікті өмірімізге етене енген франциямен астасқан ұғымдар. Еуропаның жүрегіндегі жарылыс күллі адамзаттың жүрегін дір еткізгені содан болар. Жақында ғана Қазақстанның саяси элитасы еңселі Елисей сарайында болып, француздардың құрмет-қошеметін көріп, қонақ болып қайтқан-ды. Әлбетте, болашаққа үлкен жоспарлар жасалды. Париждегі сойқанның ертесіне, Қазақстан Президенті Астанадағы Франция елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. «Терроризмнің ұлты мен діні болмайды. Бұл - жалпыға ортақ қасірет»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарабаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан халқының атынан өзімнің көңілімді білдіріп, хаттама жаздым. Францияның Президентіне көңілімді білдірдім.Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарының бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға біздің бәрімізге де ауыр тиеді.

Жау жоқ деме, жар астында. Күні кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков осыдан төрт ай бұрын Астанада радикалдар жоспарлаған лаңкестік әрекеттің жолы кесілгенін жеткізді. Ал, Президенттің баспасөз хатшысы елімізде бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, жұртшылық оны тіпті сезіне қоймайтынын айтты.

(Графика) Дәурен Абаев, Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы:

Соңғы күндері жиілеп кеткен лаңкестік актілер барлық елдердің қауіпсіздік шараларын нығайтуына елеулі түрткі болып жатқаны шындық. Біз де әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде бұған көз жұма қарай алмаймыз. Біздің арнайы қызметтер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айқын айта аламын. Жұртшылық оны аса сезіне қоймайды, ал шындығында бұл қызмет бір минут та тоқтаған емес.

Германия мен Нидерланды футбол командалары арасындағы матч болмай қалды. Адамдар жанталасып тарап жатыр. Төменгі Саксонияның Ішкі істер министрі Томас де Мезьер «кезекті террактінің алдын алдық»- деп хабарлады. Стадион маңындағы көліктен бір келі жарылғыш зат табылған. Герман полициясы ойынды тоқтатуға мәжбүр. Сарапшылар, кәрі құрлықты бүгінгі қасіретке соқтырған екі аспектіні атайды. Сирия мен Ирак аумағында соғысып жүргендердің ең көбі  Еуропа елдерінің азаматтары. Мың жарымы Франциядан, мыңнан астамы бельгиялық, Германиядан мыңға жуық.

Ерлан Карин, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Сирия дағдарысы пайда болған кезде Еуропа елдерінен жас азаматтар Сирия, Ирак территориясына ағылып кетіп бара жатқанда Еуропа үкіметі, билік басында отырған шенеуніктер бұны қауіп деп қабылдамады. Олардың өз құқы бар. Олар демократия үшін, күресуге бара жатыр. Бас кезінде Сириядағы дағдарысты билік пен оппазиция арасындағы конфликт деп түсіндіргілері келді, Батыс. Сөйтіп қабылдады. Д.Абаев:

Иә,Таяу шығыстағы қақтығыстар радикалдардың бір нүктеге шоғырлауына себеп болды. Бірақ сарапшылар, өз отандарында нұқсау күтіп, бетегеден биік, жусаннан аласа болып жүргендер жеткілікті екенін айтады. Олар жоғырыдан түскен бұйрықты бұлжытпай орындауға бар, дейді Ұлттық қауіпсіздік қызметінің отстаквадағы полковнигі Арат Нарманбетов.

Арат Нарманбетов, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің отставкадағы полковнигі:

Олардың қам-қарекеті арнайы қызмет өкілдерінен кем түспейді. Көптеген елдерде  шешуші сәтті күтіп отырған өз адамдары бар. Қазір нұсқаулар тек қана Франция бойынша емес, Ресейге қатысты да болуы мүмкін. Ресей кімдермен жақын дегендей. Сондықтан бізді айналып өтпейді. Қара бұлт төндіргім келмейді, бірақ не болып жатқанын көріп отырмыз ғой.

Париж терактісін 2001-жылғы Нью Йорк терактісіне теңеп жатқандар көп. «Егіз мұнара»-дағы  жарылыстан кейін геосасятта жаңа бір цикл басталған. АҚШ Бен Ладеннің ізін кеспекке, Ауғанстанға  басып кірді. Екі жылдан соң, Ирак тас-талқан болды. Сол оқиғалар желісі, Орта Азия аумағына Солтүстік Атлантика Одағының әскери базасын орналастыруға да түрткі болған.  Енді қалай өрбуі мүмкін?

Ерлан Карин,  ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Қазіргі уақытта бірнеше коалиция бар. Бұл АҚШ-тың коалициясы.  Ресейдің өз бетімен Иранмен бірігіп құрып отырған коалиция.  Екі үлкен коалицияның арасындағы жақындасуға біз күмәнмен қараймыз. АҚШ пен Ресей арасындағы қарама-қайшылық бар, әлі жойылған жоқ. Бірақ Ресейге бұл бірқатар, АҚШ-тың  одақтастарын өзіне жәймендеп тартуға мүмкіндік беретін шығар. Оның белгілері байқала басталды. Ресей мен Францияның бірлесіп, бірлескен болмаса да келісе отырғандары.

Сондықтан, бұл терракті Сириядағы оттың түтінін тіпті қоюландыра түсетінге ұқсайды. Сарапшылар шын мәнінде дүниені дүрліктірген ДАИШ жауыздары тек декорация дейді. Әлемдік державаларға лаңкестердің ұясын талқандау түкке тұрмайды. Олар үшін мүдделер қақтығысы бәрінен қымбат.  Жер жүзіндегі 1,5 млрд мұсылманды қасиетті наным-сенімі арқылы арбап, орға жығу оңай болып тұр.

Арат Нарманбетов, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің отставкадағы полковнигі:

Әлемде мұсылмандар саны 1,5 млрд-ты құрайды. Біржақты күшті идеология жүргізілген соң, мемлекет балама саясат ұсынбаса, адамдар арбауға тез түседі. Дән себуге ыңғайылы жерге айналады. Кедейшілік, оқуға жағдайы жоқтық, жастарды әділдікті басқа жерден іздеуге итермелейді.

Терроризм тақырыбын терең зерттеп жүрген саясаттанушы Ерлан Карин қоғамдағы радикалдану процесін қарапайым құндылықтардың дағдарысқа ұшырауымен байланыстырады. Тіпті Сирияға қару асынып, кетіп жатқандардың 10-15 пайызы ғана діни фанаттар дейді. Қалғаны, қалғаны кімдер?

Ерлан Карин,  ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Жас балалар белгілі бір сұрақтарды бізден ата аналарынан, жақындарынан, туыстарынан, естімейді. Олар басқа жерден сұрайды, солардан естиді. Сондықтан біреулер соғысқа кетіп жатарды. Біреулер ауыр тимесін балконнан секіріп жатады. Меніңше осы проблеманың түбі бір. Эктремизммен жастардың өзіне қол жұмсауы тенденциясының  өсуіндегі проблема бір. Ол қарапайым осы уақытқа дейін біздің қоғам өмір сүріп келген негізгі құндылықтардың дағдарысы отбасылық құндылықтардың дағдарысы жастардың бойындағы жалғыздық. Өздерімен өздері, бәріміз оқшуланып барамыз. Баяғыдай  адамдардың арасындағы отабасы ішіндегі байланыстар жоқ.

Экономикалық һәм идеолгиялық сынақтар жан-жақтан қыспаққа алған тап қазіргі тұста Қазақстан қандай бағыт ұстануы керек? Президент айтқан «қанат біткен көбелекке» айналу үшін, қайтпек керек?

Ерлан Карин,  ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Мемлекеттіліктің негізгі нышандарын қабылдап соның берік қазығы ретінде бекітіп салдық. Мемлекет ретінде біз қалыптастық. Енді бізге мемлетшілідікті ол санада ол жүректе, сонымен айналысу керек. Қазақтың сапасын, қоғамның сапасын көтеруміз керек. Біз бірдеңемен айналыссақ соны сапалы түрде жасауға ұмтылыуымыз керак. Біздер 17-ақ млн-быз. Бірақ әрбір азамат 2-3 азаматтың белсенділігіндей жұмыс істеу керек, Осы мемлекетте біз бірдеңеге жеткіміз келсе.

Мөлдір Бақытқызы, «Біздің уақыт»