Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жібек» - «Астана» арнасының өнімі

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2015
  • 2310

Оның өмірі жібектей жеңіл болсын деп, есімін Жібек деп атаған-ды, ата-анасы. Бірақ өмір жібектей желбірей қойсын ба... Осы аптада көрсетіліп басталған «Жібек» телехикаясы «Астана» арнасының өнімі. Отандық өнім. Ерекше атайтын тағы бір тұсы - Жібекті ойнаған Айым Сейітметова белгілі актерлар Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы, қазақ театр өнерінің майталманы, актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі Райымбек Сейітметовтің немересі. Кәдімгі тіршіліктің түрлі бояуларын - адалдық пен залымдық, ақ ниет пен қасиетсіздік, тазалық пен тоғышарлық, біреуге ор қазуды ойламайтын иман мен біреуді аяқтан шалмаса, ішкен асы батпайтын арамдықты - қатар жүретін жолақтарды көрсететін телехикаяның актерларымен Самат Қанағатов жүздесіп қайтты.        

Жетім қыздың тағдыры, апалы-сіңілі қыздар арасындағы шиеленіскен қарым-қатынас, адалдық пен зұлымдық, кіршіксіз ниет пен қара ниет, махаббат жолындағы күрес. Мұның барлығы «Астана» телеарнасының төл туындысы  «Жібек» телехикаясында. Отандық телевизиядағы басты оқиғалардың біріне айналатын сыңайы бар телесериалдың басты образын 18 жастағы актриса Айым Сейтметова ойнады. Өнерге бала күнінен құмар болған Айым болашақ мамандығын саналы түрде таңдаған.

Айым Сейтметова, актриса:

Жастайымнан осы театрда жүргенмін. Әке-шешемде өзіммен бірге кішкентай сьемкаларға ертіп алып мені қызым осы жерде отыр, қара. Қазір мамаң ойнайды дегендей. Бірақ, байқайтыным, атмосфера дегендей маған бәрі ұнайтын. Сондықтан болашақ өзімнің мамандығымды актер ретінде таңдадым.

Айым Сейтметова «Жібек» сериалының арқасында көпшілікке танымал бола бастады. -Кино саласында тұсауымды кескен  «Астана» телеарнасының мен үшін орны ерекше-, дейді жас актриса.

Айым Сейтметова, актриса:

Астана телеарнасы осы мен үшін ерекше орында өйткені бірінші жобам осы Астана арнасынан көрсетіліп жатыр. Қазақстаннан емес, Хабардан емес, Астана арнасынан сондықтанда бұл арна мен үшін ерекше.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәлімгерлері өз курстасының осындай дәрежеге жеткенін мақтан тұтады.

Шолпан Ибрагимова, Айымның курстасы:

Айым танымал болып бара жатыр ақырындап. Осы сериалдың арқасында деп айтуға да болады. Жібек оған көп көмкетесті. Өмірдегі Айым және телесериалдағы Жібек екі түрлі адам, екі түрлі жан. Бірақ, Айым қолынан келгенше рольді шығарды менің ойымша.

Айым Сейтметова актерлік отбасынан шыққан. Әкесі Азат Сейтмет белгілі актер, режисер. Анасы Данагүл Темірсұлтанова «Тамаша» ойын сауық отауы мен «Аққу-Гәкку» әзіл-ысқақ театры арқылы танымал.

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

Ең алғашқы жұмысы. Шынымды айтсам сәттілік тілеймін. Көрермендерде рейтингісі биік болса екен деп айтамын. Қазір көп қой сериалдар. Сондықтан енді сүрінбейтін тұяқ жоқ қой. Ештеңе жоқ Айымға да айтып жатырмын. Бір жерде сүрінерсің, бір жерде жаңағыдай шабарман болып бәйгеге бірінші жетерсің. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы адам мойымау керек. Өнер жолы өте қиын жол. Сондықтан бірде  көл, бірде шөл деген сияқты.

Сериалға түскен актерлердің барлығы дерлік өз ісінің мамандары. Олардың қатарында Айымның әкесі Азат Сейтмет, Әбілмансұр Серіков, Меруерт Түсіпбаева және Әділжан Шомбалов сынды өнер жұлдыздары бар. Шеберлермен түсірілім мамыражай атмосферада өткен.

Айдын Сахаман, режиссер:

Актерларымыздың көбі барлығы десек болады профиссионалды актер болғаннан кейін біздің арамыздағы жұмыс өте ыңғайлы әрі тез. Түсінушілігіміз бір-бірімізбен өте жақсы тез түсінеміз+Рольде жүрген әр актер өздерінің тапқан нәрселерімен бөліседі. Тапқан деталі, тапқан ойын мәнері бізге өте жақсы көмектеседі.

Әділжан Шомбалов, актер:

Мұндай кәсіби мамандармен жұмыс істеу Мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Сондықтанда түсірілім алаңында жүрген шығармашылық топқа көп-көп алғысымды айтқым келеді. Астана телеканалына дәл осындай мәселелерді көтеріп біздің өмірімізде болатын бар жәйт. Соған дайын болу керек екенін тағы да көрсеткісі келеді. Сондықтан сериал өзіме шын нитетімен ұнайды.

Патша көңіл көрермен қауымға да  ұнап жатқанына сенеміз. Мысалы міне, монтаждан кейінгі эмоциялар.

«Жібек» телехикаясы шынайы оқиға негізінде түсірілген. Сондықтан бұл сериал көрерменге ой салып, кейбір жанға  өміріндегі қиындықтарды жеңуіне сеп болуы да бек мүмкін. Жаңа туынды «Астана» телеарнасында күн сайын сағат 19.00-де көрсетіледі. Ал жаңалықтардан кейін жалғасын көре аласыздар.  Шытырман оқиғаға толы мелодраманы өткізіп алмаңыз! Тұтынатын тауар ғана емес, тамашалайтын төл теле-өнімдерді де көптеп шығару керек екенін бәріміз білеміз. Бірақ оның шын мәнінде оңай шаруа еместігін, объективті, субъективті себептері аз еместігін мамандар біледі... Ал шығарылған өнімге қолдау білдіру деген, тек тұтынатын тауарға қатысты емес.

Самат Қанағатов. Әсет Елембаев. «Біздің Уақыт».