Қазақстанның
сүті мен ұнына Қытайдың Иу қаласы да мүдделі болып отыр. Бұл туралы
Қазақстанның Шанхайдағы бас консулы Жошыхан Қыраубаев пен шаҺар басшысы Шэн
Цюпин арасындағы келіссөздер барысында белгілі болды. Қазақпараттың
хабарлауынша, дипломат қала кәсіпкерлерімен де кездесіпті.
Айта
кетерлігі, қытайлық тауарды күллі әлемге
тасымалдайтын «Иу-Астана-Мадрид» арасын жалғаған темір жол өткен жылы іске
қосылған. Иу қаласының мэрі қазақстандық ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласындағы кәсіпкерлерді өз
өнімдерін импорттауға шақырды. Ол үшін қала басшысы арнайы сауда павильонын
әзірлеуді де уәде етті. Аталмыш шаҺарда әлемдік бизнестің даму орталығына арналған халық тұтынатын тауарлардың ең ірі
көтерме базары орналасқан. Оған жыл сайын шамамен 10 миллион адам келіп кетеді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ