Русский Сайттың толық нұсқасы

СІМ Брюссельдегі қазақстандықтарды сақ болуға шақырады

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2015
  • 1018

Сыртқы істер министрлігі Брюссельде жүрген Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырады. Қазіргі таңда елшіліктің консулдық есебінде 450 қазақстандық азамат және 8 студент тіркеуде тұр. Министрлік отандастарымызды адам көп шоғырланған жерлерге шықпауға, қауіпсіздік қызметтің нұсқауларын орындауға және ресми ақпараттарға сүйенуге кеңес береді.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Қауіпсіздік мақсатында Брюссельде және оның маңындағы жерлердегі Қазақстанның барлық азаматтарына бельгиялық биліктің жоғарыда аталған нұсқауларын орындауға кеңес береміз.

Еске салайық, бейсенбіден бері Брюссель аймағында жоғары лаңкестік қауіп сақталып отыр. Бельгия астанасында ірі дүкендер, концерт, көрме залдары, стадиондар жабық. Мектеп пен жоғары оқу орындары да жұмысын тоқтатты. Метро да жұмыс істемейді. Париж террактісіне қатысы бар лаңкес Салах Әбдеслам бұрын Брюссель метросында жұмыс істеген. 132 адам опат болған лаңкестік шабуылға қатысы бар күдікті - Брюссель қаласының тумасы.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ